---
title: "СҚО-ДА АВТОМЕКТЕПТЕРДІҢ ҮЗДІК КУРСАНТТАРЫН АНЫҚТАДЫ"
description: "Биылғы конкурста қыз бала жеңімпаз атанды. Осы үш автомектептен: «АБВ-СК», «Комфорт-максима» және «Т..."
author: "dvd_sko"
published: "2018-11-24T08:19:53+00:00"
modified: "2018-11-24T08:19:53+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-o-da-avtomektepterdi-zdik-kursanttaryn-any-tady-820168"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-o-da-avtomektepterdi-zdik-kursanttaryn-any-tady-820168/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО-ДА АВТОМЕКТЕПТЕРДІҢ ҮЗДІК КУРСАНТТАРЫН АНЫҚТАДЫ

> Биылғы конкурста қыз бала жеңімпаз атанды. Осы үш автомектептен: «АБВ-СК», «Комфорт-максима» және «Т...

![СҚО-ДА АВТОМЕКТЕПТЕРДІҢ ҮЗДІК КУРСАНТТАРЫН АНЫҚТАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/8fd93fe4ff1418a5d4c1c3ff655d01.jpg)

Биылғы конкурста қыз бала жеңімпаз атанды. Осы үш автомектептен: «АБВ-СК», «Комфорт-максима» және «Тайрам» – 8 қатысушыны шығарды. Бірінші орынды иеленген Виктория Янковская «АБВ-СК» мектебінен қатысқан жалғыз нәзік жанды. Теориялық емтихан тапсыруда ол 20 минут ішінде 40 балдың 35-ін алды. Естеріңізге салатын болсақ, автомектептердегі емтиханда белгіленген мөлшер 32 балл, тестілеуден өтуге 40 минут беріледі. Автодромда, мәнерлеп жүргізуде ерлерден озық шықты. Екінші және үшінші орынды курсанттар Никита Литвин мен Бауыржан Молгаждаров иеленді. Олар «АБВ-СК» және «Комфорт» мектептерінің атын өнер көрсетті.

Жүлдегерлерге еңбегі сіңген жеңістері үшін қажетті сыйлықтар: дәрі қобдишасы, ЖЖЕ бар брошюралар мен гаджеттерге арналған кілемшелер табыс етілді. Оларды алда әлі жүргізуші куәләгін алу үшін емтихан күтіп тұрса да, жүргізушілер қатарын толықтыруға дайын екендіктерін дәлелдеді.

![СҚО-ДА АВТОМЕКТЕПТЕРДІҢ ҮЗДІК КУРСАНТТАРЫН АНЫҚТАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/1e66eb66bd96b54114baa0b349b31f.jpg)

Конкурсты ұйымдастырушылар – СҚО Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері іс-шараны осы күндері өтіп жатқан «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» акциясына орайластырды.

«Полицейлер ЖЖЕ мұқият сақтауды насихаттау жүргізу дағдылары сияқты аса маңызды екендігін айта кетті, - СҚО ПД ЖПҚ жол қауіпсіздігі бөлімшесінің бастығы полиция майоры Александр Розбах.

- Жол жүргізушіге талап қоятынын, кез келген бұзушылыққа мән бермей қараушылық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екендігін естен шығармаған жөн».

Акция аясында полицейлер жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық білімдерін арттыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды өткізеді.

![СҚО-ДА АВТОМЕКТЕПТЕРДІҢ ҮЗДІК КУРСАНТТАРЫН АНЫҚТАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/ed0ff3d5feb5e55e5242ad0ecc8b9f.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

#Жол_жүрісі_қауіпсіздігінің_аптасы #ҚауіпсізЖол #Петропавл #СҚО #полиция #СҚОПД #жол

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-o-da-avtomektepterdi-zdik-kursanttaryn-any-tady-820168](https://yvision.kz/post/s-o-da-avtomektepterdi-zdik-kursanttaryn-any-tady-820168)