---
title: "СҚО-ДА ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ БЕСКӨЛДЕ ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ"
description: "Жаңа «тірек пункті» «ескі Бескөл» деген атаумен кең таралған ықшам аудандағы Фурманов көшесі, 7 мек..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-07-03T08:54:26+00:00"
modified: "2019-07-03T08:54:26+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-o-da-ala-ma-ynda-y-audan-ortaly-y-besk-lde-zha-a-uchaskelik-policiya-punkti-ashyldy-835663"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-o-da-ala-ma-ynda-y-audan-ortaly-y-besk-lde-zha-a-uchaskelik-policiya-punkti-ashyldy-835663/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО-ДА ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ БЕСКӨЛДЕ ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ

> Жаңа «тірек пункті» «ескі Бескөл» деген атаумен кең таралған ықшам аудандағы Фурманов көшесі, 7 мек...

Жаңа «тірек пункті» «ескі Бескөл» деген атаумен кең таралған ықшам аудандағы Фурманов көшесі, 7 мекенжайындағы көппәтерлі үйдің бірінші қабатында орналасқан.

Ашылу салтанатына Қызылжар ауданының әкімі Жанат Сәдуқасов, облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев, Қызылжар ауданы полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Айдар Оспанов, ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов, ішкі істер органдарының ардагерлері, жұртшылық пен аудан орталығының тұрғындары қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев жаңа ашылған полиция пунктінің ғимараты заманауи талаптарға сай келетіндігін айтып, аудандық полиция бөлімінің материалды-техникалық базасын нығайтуға және қолдау көрсеткені үшін аудан әкіміне алғысын білдірді. Жергілікті учаскелік полиция инспекторларының міндеттері - барлық оқиғаларға уақтылы әрекет етіп қана қоймай, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың тиімді профилактикасын жүргізу ғана емес, жалпы халықтың сенімін ақтау болып табылады. «Полиция пунктінің ашылуы қала маңындағы аудан орталығындағы криминогенді жағдайға оң әсерін тигізеді деп үміттенеміз», - деді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті басшысы.

Учаскелік полиция пункті төрт қызметкерге шақталған. Олар 13 мыңнан астам адам тұратын аудан орталығы Бескөлге қызмет көрсететін болады. Азаматтардан келіп түскен шақыруларға жедел жету, сондай-ақ 28 бейнекамераның қадағалауындағы қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылау үшін учаскелік инспекторларға екі қызметтік автокөлік бөлінген.

Бұл ауданда полиция пунктінің ашылғанына бескөлдіктердің барлығы дән риза. Фурманов көшесі тұрғындарының айтуынша, пункттің ашылуы аумақты елеулі түрде көркейтіп қана қоймай, сонымен қатар кешке және түнде қауіпсіздікке деген сенімді нығайтты. Аудандық полиция пункті сағат 9-дан 23-ге дейін, демалыссыз жұмыс істейді.

![СҚО-ДА ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ БЕСКӨЛДЕ ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/0b74de189cab8c16a5391b9a35d983.jpg)

![СҚО-ДА ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ БЕСКӨЛДЕ ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/e504dff143eb8d1e73478b6ac0f4c3.jpg)

![СҚО-ДА ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ БЕСКӨЛДЕ ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/b8384e75b3193d42edea7a4ddb5208.jpg)

![СҚО-ДА ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ БЕСКӨЛДЕ ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/d415378eef3734ebf381562b8f879b.jpg)

![СҚО-ДА ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ БЕСКӨЛДЕ ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/e5f8712426b73849ac62ff1024330e.jpg)

![СҚО-ДА ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ БЕСКӨЛДЕ ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/05e8f365c364ef39620cf163f4074a.jpg)

![СҚО-ДА ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ БЕСКӨЛДЕ ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/b5adacd47e90f6e1e860911c286c0f.jpg)

![СҚО-ДА ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ БЕСКӨЛДЕ ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/f70a52d5d13846210a20a9b316f131.jpg)

![СҚО-ДА ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ БЕСКӨЛДЕ ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/ff47f5f0dc24ac7a477ad34523bc19.jpg)

![СҚО-ДА ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ БЕСКӨЛДЕ ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/42f0247a27e8d841d15a3010b4b444.jpg)

![СҚО-ДА ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫ БЕСКӨЛДЕ ЖАҢА УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ПУНКТІ АШЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/454d24820017992e89a38a40403e02.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-o-da-ala-ma-ynda-y-audan-ortaly-y-besk-lde-zha-a-uchaskelik-policiya-punkti-ashyldy-835663](https://yvision.kz/post/s-o-da-ala-ma-ynda-y-audan-ortaly-y-besk-lde-zha-a-uchaskelik-policiya-punkti-ashyldy-835663)