---
title: "СҚО ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДА КҮШЕЙТІЛГЕН ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУҒА ПОЛИЦИЯНЫҢ 15 ЭКИПАЖЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ"
description: "Ауа райының күрт суытуына байланысты Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальонының қыз..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-02-05T13:18:34+00:00"
modified: "2019-02-05T13:18:34+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/s-o-ala-syrtynda-y-zholdarda-k-sheytilgen-t-rde-yzmet-at-aru-a-policiyany-15-ekipazhy-zh-myldyryldy-825563"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/s-o-ala-syrtynda-y-zholdarda-k-sheytilgen-t-rde-yzmet-at-aru-a-policiyany-15-ekipazhy-zh-myldyryldy-825563/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# СҚО ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДА КҮШЕЙТІЛГЕН ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУҒА ПОЛИЦИЯНЫҢ 15 ЭКИПАЖЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

> Ауа райының күрт суытуына байланысты Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальонының қыз...

![СҚО ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДА КҮШЕЙТІЛГЕН ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУҒА ПОЛИЦИЯНЫҢ 15 ЭКИПАЖЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/dcd407c1308a8f63b0a29b9c51c692.jpg)

Ауа райының күрт суытуына байланысты Жергілікті полиция қызметі патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала сыртындағы жолдарды бақылауға алды.

Облыс аумағында күн сайын қала сыртындағы жолдарды қадағалауға патрульдік полиция батальонының 15 экипажы шығады. Полиция қызметкерлері мен құтқарушыларға қойылған басты міндет – жүргізушілердің және автокөліктер жолаушыларының үсіп қалуын болдырмау. Тәртіп сақшылары келе жатқан автокөліктердің жүргізушілерінен жалпы жол үстіндегі жағдайды, ақаулардың пайда болуы салдарынан тоқтауға мәжбүр болған автокөліктердің бар-жоғын сұрастырады.

4 ақпан күні Шал ақын ауданында «Жезқазған-Петропавл» автожолының 741 шақырымында Омбы қаласынан Қостанай облысына жүк тасымалдап бара жатқан, 56-жасар жүргізуші басқарған Volvo жүк көлігі қозғалтқыштың істен шығуынан жүрмей қалған. Көлік тоқтап қалған жерде патрульдік полиция батальонының автопатрулі қызметкерлерімен кезекшілік ұйымдастырылды. Істен шыққан көлікті Омбы қаласына жеткізу жоспарлануда.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы облыс тұрғындарына үйден тыс көп шықпауға және аязды күндері алыс жолға шығудан бас тартуға кеңес береді.

«Ауа температурасының кей жерлерде минус 35 градусқа дейін төмендеуіне, жаяу бұрқасынның жүруіне байланысты және жол-көлік оқиғаларын, көліктердің жол үстінде істен шығуын ескерту мақсатында Солтүстік Қазақстан облысында 5 ақпанға қараған түні республдикалық маңызы бар «Астана-Петропавл» жолы жабылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жолдың аталған учаскесінде елді мекендерден көліктердің шығуын болдырмау үшін кезекшілікті күшейтті», - деді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Айдын Байматов.

![СҚО ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДА КҮШЕЙТІЛГЕН ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУҒА ПОЛИЦИЯНЫҢ 15 ЭКИПАЖЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/85c5df9cf870868ee4c370f7dc31dc.jpg)

![СҚО ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДА КҮШЕЙТІЛГЕН ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУҒА ПОЛИЦИЯНЫҢ 15 ЭКИПАЖЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/a3ad74ae01352438e27d38fa139b9e.jpg)

![СҚО ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДА КҮШЕЙТІЛГЕН ТҮРДЕ ҚЫЗМЕТ АТҚАРУҒА ПОЛИЦИЯНЫҢ 15 ЭКИПАЖЫ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/39fc31b177b10ffbd32f4ebcf6c492.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/s-o-ala-syrtynda-y-zholdarda-k-sheytilgen-t-rde-yzmet-at-aru-a-policiyany-15-ekipazhy-zh-myldyryldy-825563](https://yvision.kz/post/s-o-ala-syrtynda-y-zholdarda-k-sheytilgen-t-rde-yzmet-at-aru-a-policiyany-15-ekipazhy-zh-myldyryldy-825563)