---
title: "ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ"
description: "Өз сөзінде ол өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді.Айталық, жергілікті бюджеттен 7 нысан..."
author: "almatinskaya.nurotan.kz"
published: "2020-12-08T13:38:14+00:00"
modified: "2020-12-08T13:38:14+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/rylys-ar-yny-zho-ary-886821"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/rylys-ar-yny-zho-ary-886821/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ

> Өз сөзінде ол өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді.Айталық, жергілікті бюджеттен 7 нысан...

Өз сөзінде ол өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап берді.

Айталық, жергілікті бюджеттен 7 нысанның құрылысына 1 миллиард 216,9 миллион теңге бөлінген. Оның алтауының құрылысы аяқталып, келесі жылы біреуінікі бітпек. Қазіргі уақытта 887,0 миллион теңге игерілді.

– “Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасы аясында 10 нысанның құрылысына республикалық бюджеттен 3 миллиард 198,8 миллион теңге бөлінді. Бүгігде 1 миллиард 472,2 миллион теңге игерілді. 5 денсаулық сақтау мекемесіне күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Арман Серікұлы. Сонымен қатар «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында 2 нысанға 1 миллиард 187,4 миллион теңге жөндеу жүріп жатқанын айтты.

Жиында жалпы сомасы 8,9 миллиард теңгені құрайтын 11 нысанды күрделі жөндеуден өткізу бойынша жобалау-сметалық құжаты әзірленіп жатқаны белгілі болды. Сондай-ақ, келесі жылы 4 нысанды салу жоспарлануда.

![ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ ЖОҒАРЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/440496/b567cad0bd1dfd25adc4106c6fb8f4.png)

---

Source: [https://yvision.kz/post/rylys-ar-yny-zho-ary-886821](https://yvision.kz/post/rylys-ar-yny-zho-ary-886821)