---
title: "Өрт дер кезінде сөндірілді"
description: "Алматылық өрт сөндірушілер Алмалы ауданындағы кафеде шыққан өрттің таралуына жол бермеді. 14 ақпан сағат 11-12-де өрт туралы шақыртуға жоғары дәреже бойынша жіберілг"
author: "orazali"
published: "2024-02-14T08:07:08+00:00"
modified: "2024-02-14T08:07:08+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/rt-der-kezinde-s-ndirildi-1001138"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/rt-der-kezinde-s-ndirildi-1001138/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өрт дер кезінде сөндірілді

> Алматылық өрт сөндірушілер Алмалы ауданындағы кафеде шыққан өрттің таралуына жол бермеді. 14 ақпан сағат 11-12-де өрт туралы шақыртуға жоғары дәреже бойынша жіберілг

*Алматылық өрт сөндірушілер Алмалы ауданындағы кафеде шыққан өрттің таралуына жол бермеді.*

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/9f7780822433b4483a85836cfd1bf6.jpg)

14 ақпан сағат 11-12-де өрт туралы шақыртуға жоғары дәреже бойынша жіберілген 16 өрт сөндіруші 4 техникамен шығып, кафедегі өрттің таралуына жол бермеді. Алғашқы есептоптар 3 минутта жетіп, өрт 11:24-те жойылды. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын-ала себебі: кафенің түтін сору құбырындағы май шөгінділерінің жануы. Өрттің алдын алу үшін түтін сору жүйелерін май мен кірден уақтылы тазартып отыру қажет! [@press_TJM](https://t.me/qr_tjm)

---

Source: [https://yvision.kz/post/rt-der-kezinde-s-ndirildi-1001138](https://yvision.kz/post/rt-der-kezinde-s-ndirildi-1001138)