---
title: "«ҰРПАҚТАН - ҰРПАҚҚА БЕРІЛЕТІН ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР»"
description: "Алғашқы кездесу Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі «Рухани жаңғыру» орталығы..."
author: "kentau.nurotan.kz"
published: "2020-11-20T04:35:25+00:00"
modified: "2020-11-20T04:35:25+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/rpa-tan-rpa-a-beriletin-otbasyly-ndyly-tar-875852"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/rpa-tan-rpa-a-beriletin-otbasyly-ndyly-tar-875852/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ҰРПАҚТАН - ҰРПАҚҚА БЕРІЛЕТІН ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР»

> Алғашқы кездесу Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі «Рухани жаңғыру» орталығы...

Алғашқы кездесу Кентау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіндегі «Рухани жаңғыру» орталығында ақын-қаламгер, әуесқой сазгер, ұстаз Жұпаркүл Бекшораева апайымызбен сұқбат ұйымдастырылды. 1954 жылы 4 желтоқсан күні Түркістан ауданының Абай ауылында дүниеге келген Жұпаркүл Бекшораева мектеп қабырғасында-ақ ақындықтың ұшқыны жас жүрегін баурап алғаны, патриоттық тақырыптарда және Кентау қаласы туралы жазылған көптеген өлеңдері туралы насихатталды. Соңғы уақыттарда сазгерлік өнері арқылы танылып, 60-тан астам әндері нотаға түсіріліп, кітапқа топтастырылғандығы сөз болды. Өлеңдері, шығармалары арқылы бірнеше байқауларда жеңімпаз атанған, білім саласында 35 жылдан астам уақыт жұмыс жасаған Жұпаркүл Бекшораева шәкірттерінің де жетістіктерін атап өтті. Өлең жазуға ынтасы бар, болашақ жас ақындарымызға өлең жазу үшін білімді, жан-жақты болу, кітапты көп оқу жөнінде жастарға кеңес берді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/rpa-tan-rpa-a-beriletin-otbasyly-ndyly-tar-875852](https://yvision.kz/post/rpa-tan-rpa-a-beriletin-otbasyly-ndyly-tar-875852)