---
title: "ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ САЗ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ"
description: "2018 жылдың 29 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2018-10-30T11:03:33+00:00"
modified: "2018-10-30T11:03:33+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/rman-azy-atynda-y-saz-kolledzhini-studentterimen-kezdesu-tkizildi-818045"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/rman-azy-atynda-y-saz-kolledzhini-studentterimen-kezdesu-tkizildi-818045/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ САЗ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

> 2018 жылдың 29 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа...

2018 жылдың 29 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Департаментінің директоры А.Т.Бердалин Хадиша Бөкеева атындағы облыстық драма театрында Құрманғазы атындағы саз колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.

Шара барысында Елбасының «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасы талқыланды.

Сонымен қатар, А.Т.Бердалин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды тиімді жүргізу үшін, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, жас ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/rman-azy-atynda-y-saz-kolledzhini-studentterimen-kezdesu-tkizildi-818045](https://yvision.kz/post/rman-azy-atynda-y-saz-kolledzhini-studentterimen-kezdesu-tkizildi-818045)