---
title: "ҮРЕЙЛІ КӨРШІЛІК"
description: "Ата салысымен Горохов онкилондар абдырап бірден қуғын ұйымдастыра қоймайды деген оймен тұра қашты, т..."
author: "kitap28"
published: "2016-04-13T10:20:11+00:00"
modified: "2016-04-14T13:53:13+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/reyli-k-rshilik-689043"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/reyli-k-rshilik-689043/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҮРЕЙЛІ КӨРШІЛІК

> Ата салысымен Горохов онкилондар абдырап бірден қуғын ұйымдастыра қоймайды деген оймен тұра қашты, т...

Ата салысымен Горохов онкилондар абдырап бірден қуғын

ұйымдастыра қоймайды деген оймен тұра қашты, түн оның

бой тасалауына мүмкіндік туғызады, тақа болмаса тағы да

ағаш басына жасырынады. Бұта-бұтаның арасынан ол күндіз

келген сүрлеуіне жүгіріп шығып, мүлкі мен итін тыққан терегін

тапқанша кідіріп тұрып қалды. Қуғын көрінсе-ақ қоржын

қалған ағашқа шығу керек, көрпе мен азық-түлік аш-жалаңаш

болмай, түнді жоқ-жітіксіз өткізуге жағдай жасайды, ал

жүкпен әрі қарай шапшаң жылжи алмайсың, суға дейін әлі

екі шақырым жер бар.

Ол тоқтап тың тыңдады, әуелі бәрі тып-тыныш еді, артынан

дабыра дауыс шығып, алыстан алаулар жалтылдады. Тегі,

онкилондар шырақ ұстап, мұның соңына түссе керек. Көп

ойланып жаппай, Горохов ағаштың басына шықты да, өз

мүлкін жоғарырақ көтеруге кірісті. Кездескен тармаққа дұрыс

отыра алмай, бәрінен бұрын Пеструха көп әуреге салды,

қайықты бір жуан екі бұтақтың арасына орналастырып,

қоржынды соған салып, итті үстіне отырғызуға тура келді.

Осы шаруаны әрең ыңғайлап біте бергенде, терекке жақын

сүрлеуден алау ұстаған бірнеше онкилон шыға келді, оңнан

да, солдан да басқалары тағы да көрінді. Ағаштан өте беріп,

дымқыл жер мен шөпке қайықтан қалған айқын ізге түсіп

қуана айқай салған онкилондар қалғандарын шақырып,

қашқынды қуып жетпек дәмемен ізді қуалай тұра жүгірді.

Құстың сүр етімен Горохов кешкі ауқатын жасап, итін

азықтандырып, қорқорын сорды, ал онкилондар болса

нәтижесіз қуғыннан әлі қайтқан жоқ. Ұйқы басып ол ай туғанша

көз іліктіріп алғысы кеп, өзін бұтағында отырған ағашқа

таңып байлады да, мызғып кетті.

Ол ағаштың қатты шайқалғанынан оянды. Бағана таңып

қоймағанда құлап та кетуі кәдік екен, өзін-өзі ол әрең ұстады,

жалма-жан екі қолымен жүгі бар қайығын да сүйемелдеп

жатыр. Не болып жатқаны Гороховтың ойына кіріп-шығар

емес, төңірек түгел гүрілдеп-гуілдеп тұр, мана туған айдан

аспан жап-жарық, жел жоқ. Әудемнен соң ғана ол жер сілкініп

жатыр екен деп ойлады. Терістік жакқа жалт қарап, онда,

тіпті жақын жерден сұмдық бірдеңе болып жатқанын көрді:

орманның арғы жағынан шудаланған ақ және қара түтін аспанға

көтеріліп, сол тұстан құлақ тұндырған гүрсіл естіліп, ыстық

жел есіп, тынысты тарылтты.

– Оу, аспан падишасы, анау не?! Жер жарылып, от атылып

жатыр ғой! – деп жалбарынды Горохов. – Суға, суға жүгіру

керек!

Ағаш ылғи шайқалып тұрғандықтан қоржынды, қайықты

және итті кезек-кезек жерге әрең түсірді. Жерде аяғымен тік

басып тұрудың өзі қиындап қапты. Мас адамдай теңселіп

Горохов қайығын жермен, сосын саяз сумен зорға сүйреп

келеді. Ауық-ауық ағаш бұтағын сындырып, бірде оң, бірде

сол жағынан суға бірдеңелер түсіп жатыр. Гүріл тынбай, ауа

тымырсықтанып, ыси түсті.

Ақыры, су қайыққа отыратындай болып, қашқын опат

құшағынан бірте-бірте алыстай берді. Үлкен алаңқайға шығып

ол шудаланған түтін мен бірде онда, бірде мында сумаңдаған

нажағай салған от іспеттес шапақ көрді.

«Мына тозақ отында онкилон сорлылар құритын болды

ғой! – деп ойлады ол. – Тағы да бәрін ақ сиқыршыларға

жауып, бақсымызды өлтіріп, сосын бүкіл жұртымызды

қырғынға ұшыратып жатыр дейтіні даусыз».

Саяз су баяу толқып, тереңдеген сайын толқын күшейіп,

қайықты оңды-солды лақтыра бастады. Он шақырымдай

жүзіп әбден шаршаған Горохов таң атқанға дейін тынығып

алар жер қарастыруға айналды. Толқыны әсіресе қатты

шулаған үлкен алаңқайдың шетінен ол судан шығып тұрған

жертөленің қалқасын көрді, жер сілкінуі сел басқанға дейін

оның жақтау қабырғаларын құлатып, ал орталық төрт аша

жерге қағылып, үргімен ұстастырылған қалпы жапқан

шатырымен дін аман тұр екен. Қалқаның өзі судан бір метрдей

биікте болатын, толқын жетер түрі жоқ.

«Тынығып алатын жер тап осы!» деп ойлаған қашқын

қайығын тура солай қарай есті. Әупірімдеп жүріп заттарын

жоғары шығарып, итті мінгізіп, өзі көтерілді де, қасына

қайығын алды. Көрпесін дымқыл шымға төсей салып,

терістіктен естіліп жатқан гүрсіл мен толқын шуына қарамай

ұйықтап та кетті.

Таң ата оянған ол жүзуді әрі қарай жалғастыру үшін бағдар

алғалы жан-жағына қарады. Түнде толқын басылып, су

бетінде айдын айнасын шайқап сәл діріл ойнайды. Жасыл

төбе тәрізді әне бір аралшық және тұр. Жанындағы биік

бәйтерекке қарап Горохов оның өздерінің жертөлесі екенін

таныды, терекке қашқан түні паналап шыққан-ды, ал бүгінгі

түнді Амнундак үйінің шатырында өткізіпті.

Тамағын асығыс ішіп, қайығын суға түсіріп, алдыңғы

жағына отырғызайын деп Пеструханы шақырды. Ит

шатырдың орта тұсында түтін шығар шаңырақтан төмен үңіліп,

әлденеге ырылдап тұр.

– Әй, төбет, одан не көріп тұрсың, балық па? – деп

сұрады, орнынан қозғалғысы жоқ иттің қасына келіп Горохов.

Шаңырақтан ішке көз салып, тұла бойы түршігіп кетті

оның. Бір ашаның басында судан адамның екі қолының

саусақтары шығып тұр.

– Құдай сақтай гөр, біреу-міреу суға кеткен бе!

Бір саусағында жылтыраған күміс жүзік Гороховқа таныс

тәрізді көрінді. Онкилондарда күміс жүзік жоқ, күйеулерінен

тек ақтардың ғана әйелі сондай сақинаны сыйға алып, оған

өте-мөте мақтанып жүретін.

– Оһ, жендеттер, мынау Раку ғой! Басқа әйелдер анда,

әлгі кәрі төбет опасызды суға батырдық деп еді.

Горохов қайыққа түсіп, қол көрініп тұрған ашаға жүзіп

барып еді, білек білезікке дейін діңгекке тас қып байланып

тасталған екен. Ол байланған белбеуді кесіп жіберіп, сіресіп

қалған саусақтардан тартып еді, су бетіне қолы, содан соң

шашы, ақыр аяғында басы шықты, өңі бозарып, көзі ашық

қалыпты, жасқа толы көрінген осынау көздер якутқа кінәлай

қарайтын сияқты. Ол дауыстап жіберіп, кейін серпілді де,

келіншектің саусағы қолынан шығып кетіп, лай суға әуелі басы,

содан соң қолы сүңгіп, пәк тұлға су түбіне батып, жоқ болды.

«Бақытсыз бейшара! – деп ойлады якут. – Олар оны

түнде маған қашып кетпесін деп ашаға таңып қойған ғой, ал

сосын су келгенде жертөледе ұмыт қалдырып, не қасақана

тастап қашқан да, бұл суға тұншығып өлген».

Жертөлеге су кіріп, талшыбық денемен бірте-бірте

көтерілген кездегі Ракудың халін көз алдына келтірді, бар

күшімен бұлқынып, жанұшыра көмек шақырғанда ғой, меңіреу

қараңғылықта су сыбдыры ғана жауапқа қатып, кеудесіне,

тамағына, ақыр аяғында аузына жетіп, ақтық үнін шығарған

жұтқыншағына құйылып, тұншықтырып тынды. Ал бұл ғой,

онда осы арада жақын жүр еді, алғаш оны онкилондар

кетісімен іле құтқарып алуына әбден болады екен. Алайда

ол тек су қаптағанда ғана айғайлай бастаған шығар, бұл болса

онда көлде жүзіп жүрген-ді.

Оның денесін алып бір араға көмгісі де келді, бірақ құрғақ

жерді қайдан таппақ, жалғыз-ақ жол ойпат сыртындағы қар

ғана. Ақылы алтау, ойы жетеу болған ол шақырғаны үшін

ыңғайсыздау жағдайда қалған Пеструханы алып, заттарын

салып түстікке қарай тартты. Ол серіктерін әлі де қуып

жетермін деген үмітпен ескегін екпіндете есті де, көл мен

каналдың терең тұнық суында жеңіл қайық жұлындай ұшты.

Міне, қара құздардың саясында ақ күртік пен айшықталған

ойпаттың жиегі де көзге шалынды. Ал терістікте

бұрынғысынша ақшыл және қошқыл бұлттар шуда-шуда

шұбап, ауық-ауық жарылыс гүрсілі естіліп тұр.

Орман да бітті. Горохов күртікті шая бастаған жиектің

таза суына да жүзіп шықты. Бұл арада да бәрін су басып

кетіпті. Жолдастары қайда? Кетіп қалғаны ма? Әлде суға

кетіп, опат болды ма? Күртік үстіндегі алаңда тірі пенде

көрінбейтіні несі?

Әне, жар-құз жотасында көгілдір аспан сүлесінде бір адам

қараңдайды. Горохов бар дауысымен барқырай айғай сап,

ескегін бұлғады, Пеструхасы абалады.

Мұны көрді – енді ол құтқарылды!

Күртіктің етегіне дейін жүзіп кеп тоқтады да, иті мен

мүлкін түсіріп, жүгін арқалап алып баспалдақпен біртіндеп

жоғары көтерілді.

Кенет оның қарсы алдынан терең сай шыға келді, әрі

қарай жол жоқ. Қараса сайдың арғы жағына Горюнов пен

Ордин де келіп қалған екен.

– Уһ, әйтеуір қуып жеттім-ау сіздерді! – деп айқайлап

жіберді Горохов бар жүгін мұздың үстіне қойып жатып. –

Ал көрге түспеді демесе, өзімнің де көрмегенім жоқ.

– Мұздан түсетін және шығатын баспалдақ ойып

болғанымызша біраз күтуіңе тура келеді, – деді Горюнов.

– Міне, ор керек болса! Немене, қуғын кеп қалады деп

орлағансыздар ма?.. Иә, бұл ордан өту оңай емес, – деп

Горюнов ернеуі де құлама мұз, биіктігі бірнеше метр терең

сайға таңырқай қарады. – Ойып жату ұзаққа кетер... Қане,

арқан бар ма, маған лақтырыңдаршы.

Қажет болып қала ма деп ала салған арқан бар еді, соның

тас байлаған ұшын олар Гороховқа лақтырды. Ол арқанды

өзіне тартып алып, оны екі қабаттап заттарын сай табанына

түсіре бастады, сосын жіптің бір ұшын босатып, жүгін төменде

қалдырды. Осы әдіспен көрпе мен қоржынды да түсірді,

ақыр аяғында арқанды қарғысына іліп Пеструханы да зыр

еткізді. Мойнынан ілінген ит алғаш қырылдап тынысы

тарылып еді, сай табанына қалай түскенін де білмей қалды.

Бәрі көзді ашып-жұмғандай тез өтті. Енді өзі түсуі керек

болды. Жар жағасында мұзға ендеп кірген кесек базальт

қойтас жатқан-ды, якут арқанды соған орап, мұз қабырғамен

сырғып түсті. Тереңге жеткен соң жіпті бір ұшын қоя беріп

тартып қалып еді, арқан оралып аяғының астына кеп түсті.

Жоғары көтерілу онша қиынға түскен жок, күтіп тұрған

екі адам якутты да, оның заттарын да, итті де әп-сәтте

шығарып алды. Әрине, салмағы ауыр өзін көтеру ғана сәл

қиын болды. Жоғары шыға сап ол жолдастарының құшағына

қойып кетті.

– Құдая, тәубе, жеттім-ау! Бұл арадан ешкімді ұшырата

алмаспын деп ойлап ем.

Шынында да, Горохов орманнан бірер минут кеш

шыққанда ол жолдастарын, сөз жоқ, көре алмай қалатын

еді. Қалған екі нартаның екеуі де түстік жақ еңісте тұрған-

ды, Никифоров иттерді жегіп болып та қалған. Ол жегіп

болғанша деп Горюнов пен Ордин жотаға тағы бір қайта

оралып шығып, Санников жерінің ойпатына ақтық рет көз

тастап тұр еді. Су мен лава тасқыны астында екі аяқты, төрт

аяқты күллі тұрғындарымен бірге көз алдында құрыған осынау

аралға бұлар қаншама еңбек аптасын сарп етті. Қыруар бағалы

байқауларды жиып-ақ алып еді, амал не, барлық еңбектің

жемісі арал кемерінде өткізген соңғы сағаттардың ішінде

экспедициянын бір мүшесімен бірге опат болды, ал екінші

бір мүшесі өз еркімен ойпатта қалып отыр, ойға салса, әрине,

ол да аман емес.

Төмен тұрған күннің шұғыласымен құздың қара кемерінде

ойпаттың шалқар көлі күмістей жалтырап, алдында алашабыр

аралдар мен қара орманның бұрымы бұлдырайды, ал

терістікте бұрқыраған бу мен түтін шымылдығының ішінде

Санников жері мен онкилондар тайпасының басына түскен

драманың ақырғы актісі жүріп жатты. Ордин аман қалған

ақырғы фотопленкасына ғылым үшін ашыла түсіп, ақтық

мамонттарымен, мүйіз тұмсықтарымен, алғашқы қауым

адамзатының өкілдерімен бірге құрдымға кетіп бара жатқан

әлемнін қайғылы көрінісін түсіріп алды. Суретті түсіріп алып,

ол аппаратын орап алғалы кетті де, Горюнов сәл тұрып қалды,

сол-ақ екен, орманнан жүзіп шыға берген Гороховтың қайығын

көзі шалып қалды.

Осынау кездейсоқ бақыт болмаса, якут серіктерін жуық

маңда қуып жете алмас еді.

Жоғары көтеріліп келе жатып Горохов жердің үңірейген

жарығын көрді, Костяковтын қазасын естіп, өзінің сәті түсіп

оңай құтылғанын түсінді.

– Маңдайым жарылып тусам керек, Матвей Иванович,

– деді ол жотада сәл кідіріп. – Осы екі күнде мен қанша

рет қабірдің аузына барып қайттым, ал аман-саумын, сорлы

Раку менің қырсығымнан суға кетті, әу баста бір сол деп

қалдым ғой мен бейбақ. Павел Николаевич пен оның

топырағы торқа болсын!

Ол бас киімін алып қаншама адамның зиратына айналған

Санников жері жағына үш мәрте тағзым етті.

Бұл күні жиһангездер онша ұзай алмай, аралдың түстік

еңісінің етегіне тоқтады. Ашық теңіз жағасына саяхат мұздың

былқылдап жатқанын, алғашқы дауылдан-ақ ойран-ботқасы

шығатынын аңғартты. Сенімдірек өткел қарастырып шығысқа

қарай тарта беруге тура келді.

Ата салысымен Горохов онкилондар абдырап бірден қуғынұйымдастыра қоймайды деген оймен тұра қашты, түн оныңбой тасалауына мүмкіндік туғызады, тақа болмаса тағы да ағаш басына жасырынады. Бұта-бұтаның арасынан ол күндізкелген сүрлеуіне жүгіріп шығып, мүлкі мен итін тыққан терегінтапқанша кідіріп тұрып қалды. Қуғын көрінсе-ақ қоржынқалған ағашқа шығу керек, көрпе мен азық-түлік аш-жалаңашболмай, түнді жоқ-жітіксіз өткізуге жағдай жасайды, алжүкпен әрі қарай шапшаң жылжи алмайсың, суға дейін әліекі шақырым жер бар.Ол тоқтап тың тыңдады, әуелі бәрі тып-тыныш еді, артынандабыра дауыс шығып, алыстан алаулар жалтылдады. Тегі,онкилондар шырақ ұстап, мұның соңына түссе керек. Көпойланып жаппай, Горохов ағаштың басына шықты да, өзмүлкін жоғарырақ көтеруге кірісті. Кездескен тармаққа дұрысотыра алмай, бәрінен бұрын Пеструха көп әуреге салды,қайықты бір жуан екі бұтақтың арасына орналастырып,қоржынды соған салып, итті үстіне отырғызуға тура келді.Осы шаруаны әрең ыңғайлап біте бергенде, терекке жақынсүрлеуден алау ұстаған бірнеше онкилон шыға келді, оңнанда, солдан да басқалары тағы да көрінді. Ағаштан өте беріп,дымқыл жер мен шөпке қайықтан қалған айқын ізге түсіпқуана айқай салған онкилондар қалғандарын шақырып,қашқынды қуып жетпек дәмемен ізді қуалай тұра жүгірді.Құстың сүр етімен Горохов кешкі ауқатын жасап, итіназықтандырып, қорқорын сорды, ал онкилондар болсанәтижесіз қуғыннан әлі қайтқан жоқ. Ұйқы басып ол ай туғаншакөз іліктіріп алғысы кеп, өзін бұтағында отырған ағашқатаңып байлады да, мызғып кетті.Ол ағаштың қатты шайқалғанынан оянды. Бағана таңыпқоймағанда құлап та кетуі кәдік екен, өзін-өзі ол әрең ұстады,жалма-жан екі қолымен жүгі бар қайығын да сүйемелдепжатыр. Не болып жатқаны Гороховтың ойына кіріп-шығаремес, төңірек түгел гүрілдеп-гуілдеп тұр, мана туған айданаспан жап-жарық, жел жоқ. Әудемнен соң ғана ол жер сілкініпжатыр екен деп ойлады. Терістік жакқа жалт қарап, онда,тіпті жақын жерден сұмдық бірдеңе болып жатқанын көрді:орманның арғы жағынан шудаланған ақ және қара түтін аспанға көтеріліп, сол тұстан құлақ тұндырған гүрсіл естіліп, ыстықжел есіп, тынысты тарылтты.– Оу, аспан падишасы, анау не?! Жер жарылып, от атылыпжатыр ғой! – деп жалбарынды Горохов. – Суға, суға жүгірукерек!Ағаш ылғи шайқалып тұрғандықтан қоржынды, қайықтыжәне итті кезек-кезек жерге әрең түсірді. Жерде аяғымен тікбасып тұрудың өзі қиындап қапты. Мас адамдай теңселіпГорохов қайығын жермен, сосын саяз сумен зорға сүйрепкеледі. Ауық-ауық ағаш бұтағын сындырып, бірде оң, бірдесол жағынан суға бірдеңелер түсіп жатыр. Гүріл тынбай, ауатымырсықтанып, ыси түсті.Ақыры, су қайыққа отыратындай болып, қашқын опатқұшағынан бірте-бірте алыстай берді. Үлкен алаңқайға шығыпол шудаланған түтін мен бірде онда, бірде мында сумаңдағаннажағай салған от іспеттес шапақ көрді.«Мына тозақ отында онкилон сорлылар құритын болдығой! – деп ойлады ол. – Тағы да бәрін ақ сиқыршыларғажауып, бақсымызды өлтіріп, сосын бүкіл жұртымыздықырғынға ұшыратып жатыр дейтіні даусыз».Саяз су баяу толқып, тереңдеген сайын толқын күшейіп,қайықты оңды-солды лақтыра бастады. Он шақырымдайжүзіп әбден шаршаған Горохов таң атқанға дейін тынығыпалар жер қарастыруға айналды. Толқыны әсіресе қаттышулаған үлкен алаңқайдың шетінен ол судан шығып тұрғанжертөленің қалқасын көрді, жер сілкінуі сел басқанға дейіноның жақтау қабырғаларын құлатып, ал орталық төрт ашажерге қағылып, үргімен ұстастырылған қалпы жапқаншатырымен дін аман тұр екен. Қалқаның өзі судан бір метрдейбиікте болатын, толқын жетер түрі жоқ.«Тынығып алатын жер тап осы!» деп ойлаған қашқынқайығын тура солай қарай есті. Әупірімдеп жүріп заттарынжоғары шығарып, итті мінгізіп, өзі көтерілді де, қасынақайығын алды. Көрпесін дымқыл шымға төсей салып,304терістіктен естіліп жатқан гүрсіл мен толқын шуына қарамайұйықтап та кетті.Таң ата оянған ол жүзуді әрі қарай жалғастыру үшін бағдаралғалы жан-жағына қарады. Түнде толқын басылып, субетінде айдын айнасын шайқап сәл діріл ойнайды. Жасылтөбе тәрізді әне бір аралшық және тұр. Жанындағы биікбәйтерекке қарап Горохов оның өздерінің жертөлесі екенінтаныды, терекке қашқан түні паналап шыққан-ды, ал бүгінгітүнді Амнундак үйінің шатырында өткізіпті.Тамағын асығыс ішіп, қайығын суға түсіріп, алдыңғыжағына отырғызайын деп Пеструханы шақырды. Итшатырдың орта тұсында түтін шығар шаңырақтан төмен үңіліп,әлденеге ырылдап тұр.– Әй, төбет, одан не көріп тұрсың, балық па? – депсұрады, орнынан қозғалғысы жоқ иттің қасына келіп Горохов.Шаңырақтан ішке көз салып, тұла бойы түршігіп кеттіоның. Бір ашаның басында судан адамның екі қолыныңсаусақтары шығып тұр.– Құдай сақтай гөр, біреу-міреу суға кеткен бе!Бір саусағында жылтыраған күміс жүзік Гороховқа таныстәрізді көрінді. Онкилондарда күміс жүзік жоқ, күйеулерінентек ақтардың ғана әйелі сондай сақинаны сыйға алып, оғанөте-мөте мақтанып жүретін.– Оһ, жендеттер, мынау Раку ғой! Басқа әйелдер анда,әлгі кәрі төбет опасызды суға батырдық деп еді.Горохов қайыққа түсіп, қол көрініп тұрған ашаға жүзіпбарып еді, білек білезікке дейін діңгекке тас қып байланыптасталған екен. Ол байланған белбеуді кесіп жіберіп, сіресіпқалған саусақтардан тартып еді, су бетіне қолы, содан соңшашы, ақыр аяғында басы шықты, өңі бозарып, көзі ашыққалыпты, жасқа толы көрінген осынау көздер якутқа кінәлайқарайтын сияқты. Ол дауыстап жіберіп, кейін серпілді де,келіншектің саусағы қолынан шығып кетіп, лай суға әуелі басы,содан соң қолы сүңгіп, пәк тұлға су түбіне батып, жоқ болды. «Бақытсыз бейшара! – деп ойлады якут. – Олар онытүнде маған қашып кетпесін деп ашаға таңып қойған ғой, алсосын су келгенде жертөледе ұмыт қалдырып, не қасақанатастап қашқан да, бұл суға тұншығып өлген».Жертөлеге су кіріп, талшыбық денемен бірте-біртекөтерілген кездегі Ракудың халін көз алдына келтірді, баркүшімен бұлқынып, жанұшыра көмек шақырғанда ғой, меңіреуқараңғылықта су сыбдыры ғана жауапқа қатып, кеудесіне,тамағына, ақыр аяғында аузына жетіп, ақтық үнін шығарғанжұтқыншағына құйылып, тұншықтырып тынды. Ал бұл ғой,онда осы арада жақын жүр еді, алғаш оны онкилондаркетісімен іле құтқарып алуына әбден болады екен. Алайдаол тек су қаптағанда ғана айғайлай бастаған шығар, бұл болсаонда көлде жүзіп жүрген-ді.Оның денесін алып бір араға көмгісі де келді, бірақ құрғақжерді қайдан таппақ, жалғыз-ақ жол ойпат сыртындағы қарғана. Ақылы алтау, ойы жетеу болған ол шақырғаны үшіныңғайсыздау жағдайда қалған Пеструханы алып, заттарынсалып түстікке қарай тартты. Ол серіктерін әлі де қуыпжетермін деген үмітпен ескегін екпіндете есті де, көл менканалдың терең тұнық суында жеңіл қайық жұлындай ұшты.Міне, қара құздардың саясында ақ күртік пен айшықталғанойпаттың жиегі де көзге шалынды. Ал терістіктебұрынғысынша ақшыл және қошқыл бұлттар шуда-шудашұбап, ауық-ауық жарылыс гүрсілі естіліп тұр.Орман да бітті. Горохов күртікті шая бастаған жиектіңтаза суына да жүзіп шықты. Бұл арада да бәрін су басыпкетіпті. Жолдастары қайда? Кетіп қалғаны ма? Әлде суғакетіп, опат болды ма? Күртік үстіндегі алаңда тірі пендекөрінбейтіні несі?Әне, жар-құз жотасында көгілдір аспан сүлесінде бір адамқараңдайды. Горохов бар дауысымен барқырай айғай сап,ескегін бұлғады, Пеструхасы абалады.Мұны көрді – енді ол құтқарылды!306Күртіктің етегіне дейін жүзіп кеп тоқтады да, иті менмүлкін түсіріп, жүгін арқалап алып баспалдақпен біртіндепжоғары көтерілді.Кенет оның қарсы алдынан терең сай шыға келді, әріқарай жол жоқ. Қараса сайдың арғы жағына Горюнов пенОрдин де келіп қалған екен.– Уһ, әйтеуір қуып жеттім-ау сіздерді! – деп айқайлапжіберді Горохов бар жүгін мұздың үстіне қойып жатып. –Ал көрге түспеді демесе, өзімнің де көрмегенім жоқ.– Мұздан түсетін және шығатын баспалдақ ойыпболғанымызша біраз күтуіңе тура келеді, – деді Горюнов.– Міне, ор керек болса! Немене, қуғын кеп қалады депорлағансыздар ма?.. Иә, бұл ордан өту оңай емес, – депГорюнов ернеуі де құлама мұз, биіктігі бірнеше метр тереңсайға таңырқай қарады. – Ойып жату ұзаққа кетер... Қане,арқан бар ма, маған лақтырыңдаршы.Қажет болып қала ма деп ала салған арқан бар еді, соныңтас байлаған ұшын олар Гороховқа лақтырды. Ол арқандыөзіне тартып алып, оны екі қабаттап заттарын сай табанынатүсіре бастады, сосын жіптің бір ұшын босатып, жүгін төмендеқалдырды. Осы әдіспен көрпе мен қоржынды да түсірді,ақыр аяғында арқанды қарғысына іліп Пеструханы да зыреткізді. Мойнынан ілінген ит алғаш қырылдап тынысытарылып еді, сай табанына қалай түскенін де білмей қалды.Бәрі көзді ашып-жұмғандай тез өтті. Енді өзі түсуі керекболды. Жар жағасында мұзға ендеп кірген кесек базальтқойтас жатқан-ды, якут арқанды соған орап, мұз қабырғаменсырғып түсті. Тереңге жеткен соң жіпті бір ұшын қоя беріптартып қалып еді, арқан оралып аяғының астына кеп түсті.Жоғары көтерілу онша қиынға түскен жок, күтіп тұрғанекі адам якутты да, оның заттарын да, итті де әп-сәттешығарып алды. Әрине, салмағы ауыр өзін көтеру ғана сәлқиын болды. Жоғары шыға сап ол жолдастарының құшағынақойып кетті.307– Құдая, тәубе, жеттім-ау! Бұл арадан ешкімді ұшыратаалмаспын деп ойлап ем.Шынында да, Горохов орманнан бірер минут кешшыққанда ол жолдастарын, сөз жоқ, көре алмай қалатынеді. Қалған екі нартаның екеуі де түстік жақ еңісте тұрған-ды, Никифоров иттерді жегіп болып та қалған. Ол жегіпболғанша деп Горюнов пен Ордин жотаға тағы бір қайтаоралып шығып, Санников жерінің ойпатына ақтық рет көзтастап тұр еді. Су мен лава тасқыны астында екі аяқты, төртаяқты күллі тұрғындарымен бірге көз алдында құрыған осынауаралға бұлар қаншама еңбек аптасын сарп етті. Қыруар бағалыбайқауларды жиып-ақ алып еді, амал не, барлық еңбектіңжемісі арал кемерінде өткізген соңғы сағаттардың ішіндеэкспедициянын бір мүшесімен бірге опат болды, ал екіншібір мүшесі өз еркімен ойпатта қалып отыр, ойға салса, әрине,ол да аман емес.Төмен тұрған күннің шұғыласымен құздың қара кемеріндеойпаттың шалқар көлі күмістей жалтырап, алдында алашабыраралдар мен қара орманның бұрымы бұлдырайды, алтерістікте бұрқыраған бу мен түтін шымылдығының ішіндеСанников жері мен онкилондар тайпасының басына түскендраманың ақырғы актісі жүріп жатты. Ордин аман қалғанақырғы фотопленкасына ғылым үшін ашыла түсіп, ақтықмамонттарымен, мүйіз тұмсықтарымен, алғашқы қауымадамзатының өкілдерімен бірге құрдымға кетіп бара жатқанәлемнін қайғылы көрінісін түсіріп алды. Суретті түсіріп алып,ол аппаратын орап алғалы кетті де, Горюнов сәл тұрып қалды,сол-ақ екен, орманнан жүзіп шыға берген Гороховтың қайығынкөзі шалып қалды.Осынау кездейсоқ бақыт болмаса, якут серіктерін жуықмаңда қуып жете алмас еді.Жоғары көтеріліп келе жатып Горохов жердің үңірейгенжарығын көрді, Костяковтын қазасын естіп, өзінің сәті түсіпоңай құтылғанын түсінді.308– Маңдайым жарылып тусам керек, Матвей Иванович,– деді ол жотада сәл кідіріп. – Осы екі күнде мен қаншарет қабірдің аузына барып қайттым, ал аман-саумын, сорлыРаку менің қырсығымнан суға кетті, әу баста бір сол депқалдым ғой мен бейбақ. Павел Николаевич пен оныңтопырағы торқа болсын!Ол бас киімін алып қаншама адамның зиратына айналғанСанников жері жағына үш мәрте тағзым етті.Бұл күні жиһангездер онша ұзай алмай, аралдың түстікеңісінің етегіне тоқтады. Ашық теңіз жағасына саяхат мұздыңбылқылдап жатқанын, алғашқы дауылдан-ақ ойран-ботқасышығатынын аңғартты. Сенімдірек өткел қарастырып шығысқақарай тарта беруге тура келді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/reyli-k-rshilik-689043](https://yvision.kz/post/reyli-k-rshilik-689043)