---
title: "«Республикамен» кездесу"
description: "Халықаралық ақпараттық технологиялар Университеті электрондық журналистика бөлімінің студенттері «Ре..."
author: "aziza_uteulieva"
published: "2011-11-23T06:40:12+00:00"
modified: "2011-12-02T06:32:36+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/respublikamen-kezdesu-207178"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/respublikamen-kezdesu-207178/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Республикамен» кездесу

> Халықаралық ақпараттық технологиялар Университеті электрондық журналистика бөлімінің студенттері «Ре...

Халықаралық ақпараттық технологиялар Университеті электрондық журналистика бөлімінің студенттері «Республика» газеті бас редакторының орынбасары Оксана Макушинамен кездесті.

«Республика»-Қазақстандағы ең ауқымды басылымның бірі. Белгілі журналист Оксана Макушина газеттің негізгі ақпараттарын атап өтті. Журналистің тақырып таңдауы , шығармашылық ізденістерін дамыту , турасында пікірін жеткізді. Бұл басылым 12 жыл бойы жарыққа шығып отыр. Әрбір журналист мақаласын "Республика" газетінде жарық көргенін қалайды. Сондай танымал газеттің редакторы келіп, кеңесін бергеніне болашақ журналисттердің алғысы шексіз.

![«Республикамен» кездесу](http://storage.yvision.kz/images/user/aziza_uteulieva/MaBw3rO9ZCUCnkP2VR3JCzQZ6QAZs4.png)

Сонымен қатар, Оксана Макушина журналистің қызметі жайлы бірнеше мағлұматтар беріп, тілге тиек етті.

"Журналист әрқашан шындықты айтуы қажет ",-

деп ойымен бөлісті Оксана Макушина.

---

Source: [https://yvision.kz/post/respublikamen-kezdesu-207178](https://yvision.kz/post/respublikamen-kezdesu-207178)