---
title: "РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ"
description: "«Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті М..."
author: "maktaaral.nurotan.kz"
published: "2020-12-18T05:08:14+00:00"
modified: "2020-12-18T05:08:14+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/respublikaly-saylaualdy-shtab-m-sheleri-azy-rtty-sharualarmen-kezdesti-893319"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/respublikaly-saylaualdy-shtab-m-sheleri-azy-rtty-sharualarmen-kezdesti-893319/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

> «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті М...

«Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ержан Құдайберген, Ұлжанат Жұрымбетова және айтыскер-ақын Еркебұлан Қайназаров бастаған штаб мүшелері Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылы, «Сапа-2002» ЖШС-де кездесу өткізді.

Ержан Құдайберген ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен пікір алмасып, ауыл тұрғындарының талап-тілектерін тыңдады.

Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасы жайында баяндап берді. Қазіргі кезде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең басты саяси күшіне айналғанын, осы жылдардың ішінде партия ішкі тұрақтылықтың тірегіне айналғанын, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті. Партия ауыл шаруашылығына қолдау көрсететінін жеткізді.

Сонымен қатар сайлаушылардың сұрақтарына заң шеңберінде жауап беріп, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне сәттілік тіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/post/respublikaly-saylaualdy-shtab-m-sheleri-azy-rtty-sharualarmen-kezdesti-893319](https://yvision.kz/post/respublikaly-saylaualdy-shtab-m-sheleri-azy-rtty-sharualarmen-kezdesti-893319)