---
title: "ҚР БжҒМ ЖАҢА ОҚУЛЫҚ БЕКІТЕРДЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ ПІКІРІН ЕСКЕРУГЕ КЕЛІСТІ"
description: "ҚР БжҒМ ЖАҢА ОҚУЛЫҚ БЕКІТЕРДЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ ПІКІРІН ЕСКЕРУГЕ КЕЛІСТІ 5-6 сыныптарға арналған орыс ті..."
author: "MON_RK"
published: "2017-10-06T01:10:08+00:00"
modified: "2017-10-06T01:10:08+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/r-bzh-m-zha-a-o-uly-bekiterde-ata-analardy-pikirin-eskeruge-kelisti-780809"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/r-bzh-m-zha-a-o-uly-bekiterde-ata-analardy-pikirin-eskeruge-kelisti-780809/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚР БжҒМ ЖАҢА ОҚУЛЫҚ БЕКІТЕРДЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ ПІКІРІН ЕСКЕРУГЕ КЕЛІСТІ

> ҚР БжҒМ ЖАҢА ОҚУЛЫҚ БЕКІТЕРДЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ ПІКІРІН ЕСКЕРУГЕ КЕЛІСТІ 5-6 сыныптарға арналған орыс ті...

ҚР БжҒМ ЖАҢА ОҚУЛЫҚ БЕКІТЕРДЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ ПІКІРІН ЕСКЕРУГЕ КЕЛІСТІ

5-6 сыныптарға арналған орыс тілі оқулығына қатысты сын айтып, наразылық білдірген ата-аналар тұратын Орал қаласына ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері аттанды. Ғалымдар мен орыс тілінен сабақ беріп жүрген педагогтардан құралған топ оқу құралдары жайлы көзбе-талқылау өткізуді жоспарлады. Ата-аналар кез-келген жаңа оқулық құрастырылып, бекітілерде өз пікірлері ескерілуін ұсынды, - деп хабарлайды BNews.kz.

Кездесу барысында оқулықтар жайлы сын, ұсыныстар тыңдалып, өзара нәтижелі және қызу пікірталас өтті. Ғалымдар мен құрамында М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті орыс филологиясы кафедрасының өкілдері бар практик-педагогтар, орыс тілінің мамандары сөз алып, мектеп оқушыларына білім беруде өзгеріс керек екенін баса айтты. Бұл - қазіргі заманда балалар тек грамматиканы жаттап қана қоймай, алған білімдерін өз әлемінде қолдана біліп, сауатты сөз саптау мен жазу өнеріне жаттығып, бүгінгі және ертеңгі өмірлерінде бәсекеге қабілетті бола білуде кажет.

2010 жылы Болон процесіне қосылған Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне жаңа мазмұн енгізіле бастағаны белгілі. Атап айтқанда бакалавриат, магистратура пайда болды. Ал бұл кезде мектепте білім беру жүйесі ескі сарынмен жүргізіліп келді. Содан барып түлектер жоғары оқу орнына замауи білім алуға дайындықсыз келетін. Жаңартылған білім беру бағдарламасын енгізу мектеп пен жоғары оқу орнында сапалы білім алуға деген кедергіні жояды. М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті орыс филологиясы кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Римма Латыпованың айтуынша, жаңартылған қазақстандық бағдарлама еліміздегі талапкерлердің ең алдымен отандық жоғары оқу орындарына қиналмай түсуіне жағдай жасайды.

Сарапшыларды мұқият тыңдаған ата-аналар жалпы алғанда оқулықтың орыс тілінен білім алуға қажет барлық талаптарға сай келетінімен келісті. Ал тереңнен көз жіберіп, санаға салмақ салып ойланса наразылық тудырған бірқатар тапсырмалар кездейсоқ таңдалмағанын, жаңа оқулықта болуы тиіс, керек екенін де байқауға болады.

Дегенмен, мектеп оқушыларына арналған кез-келген жаңа оқулықты құрастырарда ата-аналар тарапынан көрсетілген барлық ескертулер мен ұсыныстар назарға алынса деген пікір де айтылды. Сондай-ақ жаңа кітаптың ақырғы нұсқасы мақұлданып, баспаға жіберілгенше «Оқулық» орталығының сайтына ілініп, көпшіліктің танысып, оқып шығуына қолжетімді болатыны ескертіліп, осы уақыт ішінде оны талқыға салып, ой қосуда қоғам өкілдері де белсенді болса деген ұсыныс жасалды. Сайтқа салынған оқулық нұсқасына, оның авторларына кез-келген адам пікірін білдіре алады.

Естеріңізге сала кетейік, Орал қаласындағы оқушылардың ата- аналары бесінші сыныптың орыс тіліне арналған оқулығына көңілдері толмай шу шығарған еді. Ондағы тапсырмалар ішінде: «пиарить», «лайкать» және «эмотиконы» деген сөздер келтірілген болатын.

Дереккөзге сілтеме: https://goo.gl/gPpfjF

![ҚР БжҒМ ЖАҢА ОҚУЛЫҚ БЕКІТЕРДЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ ПІКІРІН ЕСКЕРУГЕ КЕЛІСТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/74JkuE3o3sMxpOq6rYb4ArFQ7592K0.jpg)

![ҚР БжҒМ ЖАҢА ОҚУЛЫҚ БЕКІТЕРДЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ ПІКІРІН ЕСКЕРУГЕ КЕЛІСТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/xy217MnRHPnPAzfdX84LR1AjCRA7xE.jpg)

![ҚР БжҒМ ЖАҢА ОҚУЛЫҚ БЕКІТЕРДЕ АТА-АНАЛАРДЫҢ ПІКІРІН ЕСКЕРУГЕ КЕЛІСТІ](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/64qQ7mCOTH4zs38qL6Vs4tNRYv4a0Z.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/r-bzh-m-zha-a-o-uly-bekiterde-ata-analardy-pikirin-eskeruge-kelisti-780809](https://yvision.kz/post/r-bzh-m-zha-a-o-uly-bekiterde-ata-analardy-pikirin-eskeruge-kelisti-780809)