---
title: "&quot;Палата&quot;"
description: "Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының жиырма бірінші маусымы театр ұжымы мен көрермен..."
author: "Akma-q"
published: "2011-03-18T04:04:41+00:00"
modified: "2011-03-18T04:04:41+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/quot-palata-quot-117441"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/quot-palata-quot-117441/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# &quot;Палата&quot;

> Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының жиырма бірінші маусымы театр ұжымы мен көрермен...

Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрының жиырма бірінші маусымы театр ұжымы мен көрермендері үшін есте қалар айрықша сәттерге толы болуда деуге негіз бар. Олай дейтініміз, жиырма бірінші маусым шымылдығын былтыр түрген театр өзінің көрермендері үшін екі бірдей премьералық қойылым әзірледі. Оның біріншісі Д.Исабековтың «Алладиннің сиқырлы шамы» ертегі пьесасы болса, екіншісі - өнер ордасының туған күніне орай арнайы сахналанған М.Төлебаевың «Біржан-Сара» музыкалық опереттасы болғаны белгілі. Ал жуырда шоқтығы биік мәдени ошақтың өнер тарландары өз көрермендеріне тағы бір жаңа премьералық қойылым тарту етті.

Қазақстандық танымал драматург С.Қасымбектің «Палата» мелодрамасы талғампаз көрерменнің назарына ұсынылды. Сахналанған спектакльдің қоюшы режиссері – ҚР мәдениет қайраткері – Гүлбарам Бахтиярова, суретші-декораторы – Рысбек Стыбаев. Басты рөлдерді сомдаған театр әртістерінің қатарында ҚР мәдениет қайраткері Талжібек Атамбек, Анар Байбөпенова және Аида Жәмішева болды. «Палата» қойылымы тағы бір мәрте тамашалаймын деушілердің тағы бір мүмкіндігі бар. Аталмыш мелодрама наурыздың жиырма бесінші жұлдызында үшінші

!["Палата"](http://storage.yvision.kz/images/user/akma-q/p67bWAK66746himRJ5PU1PXh4bsfqF.jpg)

рет сахналанбақ.

---

Source: [https://yvision.kz/post/quot-palata-quot-117441](https://yvision.kz/post/quot-palata-quot-117441)