---
title: "Президент Қатар әмірімен кездесті"
description: "Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды: 1 Қаз"
author: "orazali"
published: "2024-02-14T11:07:59+00:00"
modified: "2024-02-14T11:07:59+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/prezident-atar-mirimen-kezdesti-1001153"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/prezident-atar-mirimen-kezdesti-1001153/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Президент Қатар әмірімен кездесті

> Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды: 1 Қаз

*Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни арасындағы келіссөз қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:*

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/f66215d2d9cf1e1384d731141fac99.jpg)

1 Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы ұстап беру туралы келісім; 2. Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісім; 3Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасынан келген жұмыскерлерді Қатар Мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісім; 4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігі арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандум;. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Отбасы және әлеуметтік даму министрлігі арасындағы Әлеуметтік қорғау және даму саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қатар Мемлекетінің Спорт және жастар министрлігі арасындағы жастар саласындағы 2024-2026 жылдарға арналған бірінші атқарушы бағдарлама; 7. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қатар мемлекетінің Әкімшілік бақылау және ашықтық басқармасы арасындағы Парасаттылық пен айқындылықты ілгерілету бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 8. «Самұрық-Қазына» АҚ, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Power International Holding арасындағы энергетика және газ саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімдер; 9. «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен UCC Holding арасындағы Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыттарын салу жобаларын бірлесіп іске асыру туралы келісімдер. Сонымен қатар Президенттің мемлекеттік сапары аясында тағы бірқатар құжатқа қол қойылды. ✍️ t.me/aqorda_resmi

---

Source: [https://yvision.kz/post/prezident-atar-mirimen-kezdesti-1001153](https://yvision.kz/post/prezident-atar-mirimen-kezdesti-1001153)