---
title: "Пресс-релиз Миссия МАГАТЭ проводит Комплексный обзор ядерной инфраструктуры Республики Казахстан"
description: "В рамках плана по сотрудничеству между РК и Международным агентством по атомной энергии в области р..."
author: "minenergo"
published: "2016-10-31T08:36:08+00:00"
modified: "2016-10-31T08:36:08+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/press-reliz-missiya-magate-provodit-kompleksnyy-obzor-yadernoy-infrastruktury-respubliki-kazahstan-722890"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/press-reliz-missiya-magate-provodit-kompleksnyy-obzor-yadernoy-infrastruktury-respubliki-kazahstan-722890/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Пресс-релиз Миссия МАГАТЭ проводит Комплексный обзор ядерной инфраструктуры Республики Казахстан

> В рамках плана по сотрудничеству между РК и Международным агентством по атомной энергии в области р...

В рамках плана по сотрудничеству между РК и Международным агентством по атомной энергии в области развития атомной энергии в период с 31 октября по 7 ноября 2016 года в г. Астана состоится Миссия по комплексному обзору ядерной инфраструктуры Казахстана (далее – миссия ИНИР (INIR – Integrated Nuclear Infrastructure Review) с участием представителей и экспертов МАГАТЭ. Возглавляет делегацию директор отдела ядерной энергетики Департамента атомной энергетики МАГАТЭ – доктор Дохи Хан (Dohee Hahn). Также в состав делегаций входят штатные сотрудники МАГАТЭ и привлеченные международные эксперты.

**Цель миссии** **ИНИР** состоит в предоставлении помощи государству-члену МАГАТЭ при определении статуса развития его ядерно-энергетической инфраструктуры. Миссии ИНИР, с английского Integrated Nuclear Infrastructure Review – Комплексный Обзор Ядерной Инфраструктуры, охватывают комплексную оценку инфраструктуры, необходимой для реализации атомной энергетической программы. Оценка инфраструктуры производится по 19 критериям (национальная позиция, ядерная безопасность, финансирование и др.) посредством интервью, посещения объектов и обзора нормативных документов, а также основываясь на отчете по самооценке страны.

В течение недели миссия ИНИР будет изучать состояние атомной инфраструктуры Казахстана в части развития атомной энергетики. В работе миссии будут участвовать представители Министерства энергетики РК, подведомственных предприятий (РГП «Национальный ядерный центр РК», РГП «Институт ядерной физики»), АО «ФНБ «Самрук-Казына», АО «НАК «Казатомпром», АО «Самрук-Энерго», АО «KEGOC» и Ассоциации «Ядерное Общество Казахстана».

Планируется обсуждение вопросов, связанных с системами безопасности и финансирования строительства АЭС, развитием законодательно-правовой базой, защитой окружающей среды, готовностью электрических сетей, подготовкой квалифицированных кадров и другие.

В результате заслушивания отчета ИНИР и всестороннего изучения состояния атомной инфраструктуры Казахстана, экспертами МАГАТЭ будет представлен финальный отчет с предложениями и рекомендациями, что позволит обновить национальный план по развитию и усилению ядерно-энергетической инфраструктуры Казахстана.

**Справочно****.** *С 1994 года Республика Казахстан является членом МАГАТЭ, который ведет разностороннюю деятельность с целью достижения более широкого использования атомной энергии в мирных целях, включая предоставления технической помощи развивающимся странам в разработке и осуществлении национальных программ мирного использования атомной энергии. В рамках такого сотрудничества, ранее Казахстаном был проведен ряд миссии МАГАТЭ по комплексному обзору* *инфраструктуры* *страны в сферах обеспечения ядерной безопасности (**IRRS* *- Integrated Regulatory Review Service) и готовности к чрезвычайным ситуациям (EPREV - Emergency Preparedness Review Service).*

# Баспасөз хабарламасы АЭХА миссиясы Қазақстан Республикасының ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жүргізуде

Атом энергиясын дамыту саласында ҚР мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі жоспар аясында 2016 жылғы 31 қазаннан бастап 7 қарашаға дейінгі кезеңде Астана қаласында АЭХА өкілдері мен сарапшыларының қатысуымен Қазақстанның ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жөніндегі миссия (бұдан әрі – ИНИР миссиясы (INIR – Integrated Nuclear Infrastructure Review) өтеді. Делегация басшысы АЭХА Атом энергетикасы департаменті Ядролық энергетика бөлімінің директоры – доктор Дохи Хан (Dohee Hahn). Сондай-ақ делегацияның құрамына АЭХА-ның штаттық қызметкерлері және шақырылған халықаралық сарапшылар кіреді. **ИНИР миссиясының мақсаты** – ядролық-энергетикалық инфрақұрылымының даму мәртебесін анықтау кезінде АЭХА-ға мүше мемлекетке көмек беру болып табылады. ИНИР, ағылшыннан аударғанда Integrated Nuclear Infrastructure Review «ядролық инфрақұрылымға кешенді шолу» миссиялары – атом энергетикалық бағдарламаны іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымды кешенді бағалау. Инфрақұрылымды бағалау сұхбат, объектілерге бару және нормативтік құжаттарды шолу арқылы, сондай-ақ елдің өзін-өзі бағалауы бойынша есепке сүйене отырып, 19 өлшем бойынша (ұлттық ұстаным, ядролық қауіпсіздік, қаржыландыру және т.б.) жасалады. Бір апта ішінде ИНИР миссиясы атом энергетиканы дамыту бөлігіндегі Қазақстанның атом инфрақұрылымының жай-күйін зерттейтін болады. Миссия жұмысына ҚР Энергетика министрлігі, ведомствоға бағынысты ұйымдар («ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ және «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының өкілдері қатысады. АЭС қауіпсіздік жүйесі және құрылысын қаржыландыру, заңнамалық-құқықтық қорды дамыту, қоршаған ортаны қорғау, электр желілерінің дайындығы, білікті кадрларды дайындауға байланысты мәселелер және т.б. талқыланатын болады. ИНИР-дің есебін тыңдау және Қазақстанның атом инфрақұрылымының жағдайын жан-жақты зерттеудің нәтижесінде АЭХА сарапшылары ұсыныстары және ұсынымдарымен соңғы есепті береді, бұл Қазақстанның ядролық-энергетикалық инфрақұрылымын дамыту және күшейту жөніндегі ұлттық жоспарды жаңартуға мүмкіндік береді. **Анықтама үшін:** *Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланудың ұлттық бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға дамушы мемлекеттерге техникалық көмек беруді қоса алғанда, бейбіт мақсатта атом энергиясын аса кеңінен пайдалануға жету мақсатында жан-жақты қызметті іске асыратын АЭХА мүшесі болып табылады. Мұндай ынтымақтастықтың аясында, бұдан бұрын Қазақстан ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету (IRRS - Integrated Regulatory Review Service) және төтенше жағдайларға дайындық (EPREV - Emergency Preparedness Review Service) салаларында елдің инфрақұрылымын кешенді шолу бойынша АЭХА-ның бірқатар миссиясын өткізген болатын.*

---

Source: [https://yvision.kz/post/press-reliz-missiya-magate-provodit-kompleksnyy-obzor-yadernoy-infrastruktury-respubliki-kazahstan-722890](https://yvision.kz/post/press-reliz-missiya-magate-provodit-kompleksnyy-obzor-yadernoy-infrastruktury-respubliki-kazahstan-722890)