---
title: "PR KazNU"
description: "PR мамандығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да журналистика факультетінде , ЮНЕСКО Халықаралық журналистик..."
author: "Moldazhankarashash"
published: "2017-05-05T04:48:50+00:00"
modified: "2017-05-05T04:48:50+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/pr-kaznu-765881"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/pr-kaznu-765881/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# PR KazNU

> PR мамандығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да журналистика факультетінде , ЮНЕСКО Халықаралық журналистик...

PR мамандығы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ да журналистика факультетінде , ЮНЕСКО Халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафидрасында PR мамандығы оқытылуда . Қоғаммен байланыс (Public relations, PR) – релайтерлердің (пиармен мен пиарвумен) арнайы мамандандырылған қызметі. Яғни корпорациялар мен персоналдардың, мемлекеттік мекемелердің, қайырымдылық қоры мен сауда бірлестіктерінің жағымды имиджін қалыптастырушы, олардың өкілдері мен мен нақты бір тұлғаның немесе тауардың қоғам алдында жақсы көзқарас қалыптасуы үшін қоғаммен байланыс жасайтын мамандар. Бұл қызмет көбінесе баспасөз құралдары, теледидидар, радионың көмегімен іске асады.

Негізгі мағынасында PR қызметі арқылы сенім мен өзара түсіністік тудырып, билік пен қоғам арасында көпір құруға арналған. PR – қоғам мен билік арасындағы кері байланысты орнату, халықтың сеніміне ену, қоғамдастықты ақпараттандыру құралы болып табылады. Бірақ бүгінгі күнде осы терминнің әртүрлі аударылуына байланысты сан алуан мағынада қолданылып келеді.

PR аббревиатурасын екі-ақ әріппен PR десе, яғни ағылшынша «public relations» сөзінің қысқартылған түрі, оны орыс тіліне аударғанда кирилицамен ПР дейді, сондай-ақ пиар, пи-ар, қоғаммен байланыс деп, ал біздің қазақстандық зерттеушілер оны қоғаммен байланыс, бұқарамен байланыс, қоғамдастықпен байланыс, бұқарамен қарым-қатынас, жұртшылықпен байланыс, паблик рилейшнз деп айтып жүр.

«PR» түсінігі (немесе «қоғаммен байланыс») алғаш рет бизнес саласында пайда болды. Бірақ, қазіргі таңда саяси агитацияның түсінігі ретінде қалыптасып, қолданылуда.

PR ең алдымен мемлекетті басқаруды тиімді жүзеге асыру институттарының бірі ретінде демократияның дамуына әсер етіп, қоғамдастықтың ақпараттануының кеңеюіне септігін тигізеді. Сондай ақ PR посткеңестік елдерде сайлауды, насихатты еске түсіреді, себебі кеңес үкіметі кезінде коммунистік идеологияның негізгі құралдары ретінде насихат құралдарын, ұрандарды пайдаланған болатын.

Әлеуметтік қатынастар арнайы саласы ретінде ПР ды психология, логика, информатика, менеджмент және маркетинг сияқты салалар зерттейді.

Биылдан бастап яғни 2017 жылдан абитуриенттерді қабылдау шығармашық емтиxан түрінде өтетін болды . Абитуриент қазақстан тариxы мен қазақ тілі пәндерінен балл жинап шығармашылық емтиxан арқылы гранттты жеңіп алу мүмкіндігіне ие болады . 1 шығармашылық естиxан эссе жазу болса ,2 шығармашылық емтиxан абитуриенттің өзі жайлы мәлімдемесі яғни таныстыру презентация .

---

Source: [https://yvision.kz/post/pr-kaznu-765881](https://yvision.kz/post/pr-kaznu-765881)