---
title: "Polska!"
description: "Бүгін матчты міндетті түрде қарауым керек. Поляктар орыстарға қатты ашу ‒ жанкүйерлері \"орақ пен бал..."
author: "pheeria"
published: "2012-06-12T03:41:15+00:00"
modified: "2012-06-12T03:41:15+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/polska-269151"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/polska-269151/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Polska!

> Бүгін матчты міндетті түрде қарауым керек. Поляктар орыстарға қатты ашу ‒ жанкүйерлері "орақ пен бал...

Бүгін матчты міндетті түрде қарауым керек. Поляктар орыстарға қатты ашу ‒ жанкүйерлері "орақ пен балға" символдарын әкеліп, әдейі жындарына тиюде. Айтатын болсақ, поляктар орыстарды жек көреді. Кеңес өкіметінің жасағандарын әлі естерінде сақтап жүр ‒ түрлі мұражайлар және ескерткіштер соған айқын дәлел. Ресейді сүйетін Қазақстаннан басқа мемлекет бар ма өзі?

п.с. Ресей мен Польшада болдым. Екі тілде өзімді түсіндіре алсам да, поляктардың маған қарым-қатынасы жақсырақ. Ресейліктер басқалардың орысша сөйлеуін міндет көреді. Поляктар болса жүректері ашылып, қатты риза болады. Өте жәрдемшіл халық.

---

Source: [https://yvision.kz/post/polska-269151](https://yvision.kz/post/polska-269151)