---
title: "ПОЛИЦИЯ МҰРАЖАЙЫНДАҒЫ ТҮНДЕ ЖҮЗДЕН АСТАМ БОЛЫП ҚАЙТТЫ"
description: "Тек акцияның ашылуына 100-ден астам жиналды. Олар – ата-аналарымен бірге келген петропавлдық 50 оқуш..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-05-25T15:00:27+00:00"
modified: "2019-05-25T15:00:27+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/policiya-m-razhayynda-y-t-nde-zh-zden-astam-bolyp-aytty-833162"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/policiya-m-razhayynda-y-t-nde-zh-zden-astam-bolyp-aytty-833162/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ПОЛИЦИЯ МҰРАЖАЙЫНДАҒЫ ТҮНДЕ ЖҮЗДЕН АСТАМ БОЛЫП ҚАЙТТЫ

> Тек акцияның ашылуына 100-ден астам жиналды. Олар – ата-аналарымен бірге келген петропавлдық 50 оқуш...

Тек акцияның ашылуына 100-ден астам жиналды. Олар – ата-аналарымен бірге келген петропавлдық 50 оқушы, ҚР Ұлттық Ұланы Әскери институтының 40 курсанты, полицияның жас қызметкерлері, ведомство ардлагерлері.

СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев мұражай қызметкерлері Любовь Осинская мен Нина Бенграфты келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады. Айта кету керек, бұл іс-шара әдеттегідей Халықаралық мұражайлар күні қарсаңында өткізіліп отыр.

«СҚО Полиция департаментінің мұражайы үздік ведомстволық мұражайлардың бірі болып саналады», - деді Полиция департаментінің бастығы. – Бұл мұражай солтүстікқазақстандық жас қызметкерлер мен жас ұрпақты патриоттық тұрғыда тәрибелеуде жасаған еңбегімен, жыл сайын толығып жатқан экспонаттарымен және құқықтық тәртіп қызметкерлері туралы сақталған мәліметтерімен танылды».

СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев те құттықтауларға қосылды. Ол өз сөзінде мұражайдың жас қызметкерлерді тәрбиелеуде алар орны зор екен айтып өтті. Осыған байланысты ант қабылдау, алғашқы қызметтік куәліктерді алу сияқты бірқатар салтанатты іс-шаралар аталмыш мұражайда өткізіледі.

Жақында Ресей Федерациясының келген ішкі істер органдарының ардагерлері Евгений Райтенбах пен Ақан Сыздықов та мұражай қонақтарына жылы лебіздерін білдірді. Қос ардагер жуырда Солтүстік Қазақстан жерінің топырағы салынған капсуланы Кингисепп қаласына апарып келген болатын. Капсула әйгілі 314 атқыштар дивизиясына қойылған ескерткіштің астына салынды. Ресейліктер бұл ескерткішті қаланы фашистік басқыншылардан азат етуде ерлік көрсеткен біздің отандастарымызға құрмет ретінде ашты...

Мұражай қонақтарына ішке кірместен бұрын шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Кейін мұражай қызметкерлері олар үшін экскурсияны бастап кетті. Мұнда келіп жатқан адамдар легі тоқтамады. Келушілердің кейбірі алдын ала берілген хабарландырулардан естісе, енді бірі жұмыстарынан шығып, отбасыларын ертіп келіп жатты.

Мұражайда облыстың құқықтық тәртіп органдарының қалыптасу кезеңдері баяндалды. Мұндағы қорда 4 мыңнан астам экспонат бар. Милицияның нысандық киім үлгісінің түрлері кезең-кезеңімен қойылған. Меймандарды қарулар коллекциясы қызықтырды. Атышулы қылмыстарға қатысы бар қарулардың түпнұсқалары да осы мұражайдан орын тепкен. Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған 8 экспозиция қойылған. Төрт залдың біреуі майдангерлер мен Ауған жеріндегі қанды ұрыстарға қатысқан тәртіп сақшыларына арналған. Ұлы Отан соғысының майдан даласында солтүстікқазақстандық 771 милиционер фашистік жауынгерлермен күресті. Ауғанстанда интернационалдық борыштарын 25 азамат өтеді. Жауынгерлік наградалары бар үш ардагер Ауғанстан Демократиялық Республикасынан келген соң милиция қатарына келіп қызмет атқарды.

Мұражайға келгендердің арасында милиция органдары қызметкерінің немересі, ҰОС ардагерінің баласы Юрий Пуштаренко да болды. Ол әкелерінен, ағаларынан өзіне қалған көптеген жәдігерлерді мұражайға сыйға тартқан. «Мұражай құнды жәдігерлермен толығып, гүлдене берсін. Бір айтарым, қылмыстармен байланысты экспонаттар қатары аз болсын», - дейді Юрий.

Облыстық полицияның мұражайы үшін биылғы жыл ерекше болмақ. Қараша айында мұражайға 30 жыл толады. Сол уақыттан бастап 3 мыңнан астам экскурсиялар өткізіліпті. Жылдар бойы тірнектеп жиналған экспонаттарды көріп, милиция-полиция тарихымен 40 мыңнан астам адам танысқан.

![ПОЛИЦИЯ МҰРАЖАЙЫНДАҒЫ ТҮНДЕ ЖҮЗДЕН АСТАМ БОЛЫП ҚАЙТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/2e1d4e709ff2a751361ef02597bb8d.png)

![ПОЛИЦИЯ МҰРАЖАЙЫНДАҒЫ ТҮНДЕ ЖҮЗДЕН АСТАМ БОЛЫП ҚАЙТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/7421cbfebf72be321a90b90c6e389d.png)

![ПОЛИЦИЯ МҰРАЖАЙЫНДАҒЫ ТҮНДЕ ЖҮЗДЕН АСТАМ БОЛЫП ҚАЙТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/4e1d9b2b64690770a80243f4587804.png)

![ПОЛИЦИЯ МҰРАЖАЙЫНДАҒЫ ТҮНДЕ ЖҮЗДЕН АСТАМ БОЛЫП ҚАЙТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/9d4a8d9770141f0c606ae17d45dae8.png)

![ПОЛИЦИЯ МҰРАЖАЙЫНДАҒЫ ТҮНДЕ ЖҮЗДЕН АСТАМ БОЛЫП ҚАЙТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/b84bb240dee6e2dc1a11e489256af1.png)

![ПОЛИЦИЯ МҰРАЖАЙЫНДАҒЫ ТҮНДЕ ЖҮЗДЕН АСТАМ БОЛЫП ҚАЙТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/67825b43c6505a0fc649bb099ed9da.png)

![ПОЛИЦИЯ МҰРАЖАЙЫНДАҒЫ ТҮНДЕ ЖҮЗДЕН АСТАМ БОЛЫП ҚАЙТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/32a1caf2543d50d62486add854e21c.png)

![ПОЛИЦИЯ МҰРАЖАЙЫНДАҒЫ ТҮНДЕ ЖҮЗДЕН АСТАМ БОЛЫП ҚАЙТТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/43d35ad3b9b5a2ac88f0d82868f37e.png)

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/policiya-m-razhayynda-y-t-nde-zh-zden-astam-bolyp-aytty-833162](https://yvision.kz/post/policiya-m-razhayynda-y-t-nde-zh-zden-astam-bolyp-aytty-833162)