---
title: "ПОЛИЦЕЙЛЕР ОФИСТЕР МЕН БУТИКТЕРДЕН БІРҚАТАР ҰРЛЫҚТАР ЖАСАҒАН 48 ЖАСТАҒЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫН ҰСТАДЫ"
description: "Оны полиция қызметкерлері қолға түсірді. Бірінші рет бейнероликтер кейіпкері Instagram әлеуметтік ж..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-01-27T13:45:21+00:00"
modified: "2019-01-27T13:45:21+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/policeyler-ofister-men-butikterden-bir-atar-rly-tar-zhasa-an-48-zhasta-y-ala-t-r-ynyn-stady-824780"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/policeyler-ofister-men-butikterden-bir-atar-rly-tar-zhasa-an-48-zhasta-y-ala-t-r-ynyn-stady-824780/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ПОЛИЦЕЙЛЕР ОФИСТЕР МЕН БУТИКТЕРДЕН БІРҚАТАР ҰРЛЫҚТАР ЖАСАҒАН 48 ЖАСТАҒЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫН ҰСТАДЫ

> Оны полиция қызметкерлері қолға түсірді. Бірінші рет бейнероликтер кейіпкері Instagram әлеуметтік ж...

![ПОЛИЦЕЙЛЕР ОФИСТЕР МЕН БУТИКТЕРДЕН БІРҚАТАР ҰРЛЫҚТАР ЖАСАҒАН 48 ЖАСТАҒЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫН ҰСТАДЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/93d44ab0df484f27cf669a3bf780dd.png)

Оны полиция қызметкерлері қолға түсірді.

Бірінші рет бейнероликтер кейіпкері Instagram әлеуметтік желісінде пайда болды. Офис әкімшілігі қар тазалауға арналған күректі ұрлап кеткен адамды әлеуметтік желілер арқылы қала тұрғындарынан анықтауға көмек көрсетуді сұрады. Бейнежазбада офистердің бірінен белгісіз ер адамның фойедегі күректі ұрлап жатқан сәті көрсетілген. Келесі күні әлеуметтік желілерде сауда бутиктерінің бірінде дәл сол ер адамның әмиянды ұрлап жатқан бейнесі пайда болды. Қалалық тәртіп сақшылары ұрлықтар жасаған күдіктіні бірден ұстады.

Петропавл қ. Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жандос Мұхатовтың айтуынша, аталған ұрлықтарды жасады деген күдікпен бұрындары істі болған Петропавл қаласының 48 жастағы тұрғыны анықталып ұсталды. Тергеу барысында оның бірқатар басқа да ұрлықтарға қатыстылығы анықталды.

Ұсталған азамат кінәсін толығымен мойындап отыр. Өзі көрсетілген бейнежазбаның ғаламторда пайда болғанын таныстарынан естіпті. Бір қызығы, күректі басқа бір кеңсенің алдын қардан тазарту үшін алған. Өз жұмысын адал атқарып болған соң, күректі базарға апарып сатып жіберіпті.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодесінің 188-бабы 2-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қала тұрғынына қатысты «келу туралы міндеттеме» бұлтартпау шарасы қолданылды. Ұсталған азаматтардың өздері айтқандай, бірінші кезекте олар велосипедтер, шаналар мен қоларбалар қараусыз қалған, әрі күзетшісі мен сатушылары орындарында жоқ бутиктерді таңдайды екен.

СҚО ПД баспасөз қызметі

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/sko/MAIN

---

Source: [https://yvision.kz/post/policeyler-ofister-men-butikterden-bir-atar-rly-tar-zhasa-an-48-zhasta-y-ala-t-r-ynyn-stady-824780](https://yvision.kz/post/policeyler-ofister-men-butikterden-bir-atar-rly-tar-zhasa-an-48-zhasta-y-ala-t-r-ynyn-stady-824780)