---
title: "ПЛАГИАТ ЕМЕС, ҚАЙТА БАСЫЛҒАН КІТАП: МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ СЫНҒА ЖАУАП"
description: "Әлеуметтік желіде мектеп оқулықтары жайлы дау көп. Бұған дейін де болған, бола да бермек. Биылғы оқу..."
author: "MON_RK"
published: "2017-09-07T23:17:39+00:00"
modified: "2017-09-07T23:17:39+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/plagiat-emes-ayta-basyl-an-kitap-matematika-o-uly-yna-atysty-syn-a-zhauap-778077"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/plagiat-emes-ayta-basyl-an-kitap-matematika-o-uly-yna-atysty-syn-a-zhauap-778077/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ПЛАГИАТ ЕМЕС, ҚАЙТА БАСЫЛҒАН КІТАП: МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ СЫНҒА ЖАУАП

> Әлеуметтік желіде мектеп оқулықтары жайлы дау көп. Бұған дейін де болған, бола да бермек. Биылғы оқу...

Әлеуметтік желіде мектеп оқулықтары жайлы дау көп. Бұған дейін де болған, бола да бермек. Биылғы оқу жылы да мұндай талас-тартыстан кенде болмады. Биылғы шу бесінші сыныпқа арналған математика төңірегінен шықты. Бұл жолы оқу құралының авторлары плагиатшылар деп айыпталды. Тексере келгенде бұл «жаңалық» та шындыққа жанаспайтын болып шықты.Ольга Бутко атты желі қолданушысы өзінің Facebook-аккаунтында кітаптағы №15 есеп «интернеттен көшірілген» деп жазды. «Тіпті сандарды да өзгертпеген!» – деп ашуланады автор. Аккаунт иесінің айтуынша, оқулықты құрастырушылар біреудің еңбегін пайдаланғанымен қоймай, қаламақы да алып отыр. Автордың атына айтылған бұл сынның жаны бар секілді болып көрінеді.Өйткені Бутконың блогында оқулықтың беті мен аталған есептің скриншоты берілген. Ол 2015 жылы интернет ресрустардың бірінде жарияланған да. Алайда, автор асығыстық жасаған. Білім және ғылым министрлігінің маманы байыпты пікірін жария етті. №15 есеп 2015 жылы басылған математика оқулығынан алынғаны рас. (ол есеп кітаптың 9 бетінде №23 есеп деп берілгені бейнеленген фото да бар). Ал Т. Алдамұратова – сол математика ғана емес, қазіргі жаңарған математиканың да авторы. Яғни кітап авторы ретінде өзінің ең сәтті жұмысын қайта басылған кітапта пайдалануға толық құқы бар.Т. Алдамұратованың бесінші сыныпқа арналған математика оқулығы алғаш рет 2001 жылы басылған. Оқу құралы 4 рет қайта басылған. 2017 жылғы басылым кезінде оқулық мазмұны жаңартылған бағдарламаға сай өзгертілген. Дегенмен, біраз тапсырмалар өзектілігін жоғалтпаған. Сондықтан да өзгерместен жаңа оқу құралына енген.Ольга Бутконың постын мына жерден көруге болады: [https://goo.gl/5YG9iv](https://vk.com/away.php?to=https%3A%2F%2Fgoo.gl%2F5YG9iv&post=-120804658_2668&cc_key=).

![ПЛАГИАТ ЕМЕС, ҚАЙТА БАСЫЛҒАН КІТАП: МАТЕМАТИКА ОҚУЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ СЫНҒА ЖАУАП](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/82JYw0uS6t2xoxlT1OZ2TG8OiEmq0X.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/plagiat-emes-ayta-basyl-an-kitap-matematika-o-uly-yna-atysty-syn-a-zhauap-778077](https://yvision.kz/post/plagiat-emes-ayta-basyl-an-kitap-matematika-o-uly-yna-atysty-syn-a-zhauap-778077)