---
title: "письмо мне"
description: "Жаным (мое имя) Міне, тағы бір үлкен белес – жаңа қызықтарға толы өмірге қадам басқалы отырсың. Қаз..."
author: "BrilliantRB"
published: "2011-11-02T18:34:03+00:00"
modified: "2011-11-02T18:34:03+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/pismo-mne-202978"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/pismo-mne-202978/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# письмо мне

> Жаным (мое имя) Міне, тағы бір үлкен белес – жаңа қызықтарға толы өмірге қадам басқалы отырсың. Қаз...

Жаным (мое имя)

Міне, тағы бір үлкен белес – жаңа қызықтарға толы өмірге қадам басқалы отырсың. Қазір Отаныңды қимай, ендігі басыңнан кешетін әр қилы уақиғалардың қандай болатынын қайта-қайта басыңда айналдырып,алдыңда күтіп тұрғанның қандай болатынына көп уайымдайсың. Бойыңда бір қорқыныш та бар сияқты. Оған қоса, бір-екі айға ғана емес, бақандай бір жылға сапар шеккелі отырсың. Ата-анаңды, жақындарыңды, достарыңды сарғая сағынатыныңды да білесің. Сондықтан да уайымың ұлғаюда...

Бірақ, егер де мен сені білетін А. болсам, мен саған сөз беремін – бұл сағынышың алғашқы 3-4 ай ғана созылады. Табиғат заңы бойынша, адам жаңа ортаға бейімделу үшін (адаптация) белгілі бір мерзім керек. Осы кезеңді ауыртпашылықсыз, сүрінбей өтуіңе тілектеспін!

Сол адаптация кезінде өзің үшін жан-жақтарындағылардан көп нәрсені уйренесің, талай нәрсені санаңа ілерсің. Бастысы - қандай әрекет жасасаң да, әр кезде өзіңе есеп беріп, сол нәрседен өзіңе сабақ алып жүр.

Бәлкім, қазір осы хатты оқып көзіңе жат та алып отырған боларсың.. Ол да жақсы, себебі, кейін сенің бойыңда сені өзіңнің ыстық отаныңа тартып тұратын ерекше күш бар. Ол- маһаббат. Саған қол бұлғап қоштасып тұрған жақындарыңның бойында да сол саған деген маһаббат шексіз. Яғни біз үнемі Алладан сенің саулығыңды тілеп, сенің аман-есен оралуыңды қалап,дәл осы әуежайдан құшақ жая қарсалуға асығамыз.

Жарайды, көп нәрсе жазып, басыңды, жүрегіңді, асқазаныңды ауырта бермейін))) Еш уайымдама, бір жыл дегенің көзіңді ашып-жұмғанша өтіп кетер...

P.s: сағынған кезіңде осы хатты алып оқып тұр))

Бетіңнен сүйдім Жаным! =*

Сіңілің А.

---

Source: [https://yvision.kz/post/pismo-mne-202978](https://yvision.kz/post/pismo-mne-202978)