---
title: "Пезешкианның Қазақстанға сапары — маңызды оқиға"
description: "Қазіргі Иран — аймақтық күштер тепе-теңдігінде өзіндік рөл атқаруды көздеп, серпінді дамып келе жатқан ел. Қазақстан Каспий өңіріндегі, ?..."
author: "Janafuture"
published: "2025-12-28T11:40:52+00:00"
modified: "2025-12-28T11:40:52+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/pezeshkiannyn-kazakstanga-sapary-manyzdy-okiga-1019198"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/pezeshkiannyn-kazakstanga-sapary-manyzdy-okiga-1019198/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Пезешкианның Қазақстанға сапары — маңызды оқиға

> Қазіргі Иран — аймақтық күштер тепе-теңдігінде өзіндік рөл атқаруды көздеп, серпінді дамып келе жатқан ел. Қазақстан Каспий өңіріндегі, ?...

Қазіргі Иран — аймақтық күштер тепе-теңдігінде өзіндік рөл атқаруды көздеп, серпінді дамып келе жатқан ел. Қазақстан Каспий өңіріндегі, жалпы Каспий теңізімен шектесетін елдер аймағындағы маңызды ойыншылардың бірі болып табылатын Иранның рөлін де, мәртебесін де назардан тыс қалдыра алмайды. Сонымен қатар, Иран Президентінің бұл сапары Қазақстанның шынайы түрде теңгерімді сыртқы саясат жүргізіп отырғанына күмән келтірушілерге берілетін айқын белгі болып табылады.Бұған дейін Қазақстанның Ибраһим келісіміне қосылуы Израильдің қарсыласы Иранмен ынтымақтастыққа теріс әсер етуі мүмкін деген пікірлер айтылды. Алайда, көріп отырғанымыздай, алдағы Пезешкианның Қазақстанға сапары бұл жағдайдың мүлде керісінше екенін көрсетіп отыр. Бұдан шығатын нәтиже — Иран Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделі. Бұл Орталық Азия өңірінің тұрақтылығы үшін де, Қазақстанның сыртқы саяси ұстанымы үшін де оң сигнал.Қазақстанның басты мақсаты – барлық серіктес мемлекеттермен тең құқықты және сындарлы қарым-қатынас орнату, кез келген геосаяси шиеленіс тәуекелдерін барынша азайту. Бүгінгі таңда Қазақстан бейбіт келісім таба алатын аймақтық дипломатиялық алаң ретінде өзін танытып келеді. Бұл елдің сыртқы саясаттағы сенімділік бейнесін күшейтеді.Қазақстан халықаралық саясаттағы ережелердің құбылуы, қалыптасқан алгоритмдердің бұзылуы және әлемдік жүйенің трансформациялануы жағдайларына қарамастан, Орталық Азияның бір бөлігі ретінде де, жеке мемлекет ретінде де жаһандық және өңірлік державалардың назарында.Иран Президенті Масуд Пезешкианның Қазақстанға сапары осы үдерістің айқын көрінісі болып табылады. Мұндай ынтымақтастық Иранның Қазақстанмен функционалдық қарым-қатынасты дамытуға бейілді екенін көрсетеді. Бұл – өте маңызды және оң көрсеткіш”, — деді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/pezeshkiannyn-kazakstanga-sapary-manyzdy-okiga-1019198](https://yvision.kz/post/pezeshkiannyn-kazakstanga-sapary-manyzdy-okiga-1019198)