---
title: "ПЕТРОПАВЛДА АҚ ХАЛАТТЫЛАР МЕН ТӘРТІП САҚШЫЛАР КӨҢІЛДІ ЖӘНЕ ТАПҚЫРЛАР АТАҒЫНА САЙЫСТЫ"
description: "Ойынға СҚО Мамандандырылған күзет қызмет басқармасының МВД РК УССО СКО атынан 2 команда қатысты. Он..."
author: "dvd_sko"
published: "2019-07-03T08:48:36+00:00"
modified: "2019-07-03T08:48:36+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/petropavlda-a-halattylar-men-t-rtip-sa-shylar-k-ildi-zh-ne-tap-yrlar-ata-yna-sayysty-835661"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/petropavlda-a-halattylar-men-t-rtip-sa-shylar-k-ildi-zh-ne-tap-yrlar-ata-yna-sayysty-835661/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ПЕТРОПАВЛДА АҚ ХАЛАТТЫЛАР МЕН ТӘРТІП САҚШЫЛАР КӨҢІЛДІ ЖӘНЕ ТАПҚЫРЛАР АТАҒЫНА САЙЫСТЫ

> Ойынға СҚО Мамандандырылған күзет қызмет басқармасының МВД РК УССО СКО атынан 2 команда қатысты. Он...

Ойынға СҚО Мамандандырылған күзет қызмет басқармасының МВД РК УССО СКО атынан 2 команда қатысты. Оның біреуі - басқарма аппаратының, екіншісі 1-ші батальонның командасы болды. Сондай-ақ «Денсаулық» ЖКМ-нің және Полиция департаменті Емханасы бар госпиталінің командалары өнер көрсетті. Погон таққандар мен ақ халаттылар әзіл алаңында кездесіп, әзілдерімен бөлісті.

Әділ қазылар алқасының құрамында СҚО Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Бақытжан Сәмиева, Қаланың құрметті азаматы, кәсіпкер Александр Казанцев, Н. Погодин ат. облыстық драма театрының жетекшісі, «Мәдениет қайраткер» атағының иегері Спартак Рамазанов, QZ-media ақпараттық порталының бас директоры Закиржан Мамлютов, Денсаулық сақтау департаментінің өкілі Гүлмира Садирова, Петропавл қ. әкімдігі ҚК төрағасы, ІІО ардагері Андрей Сизиков, СҚО ПД Штабының бастығы Сәуле Андағұлова болды. Ойыншыларға әріптестері, отбасы мүшелері қолдау көрсетті.

Ойыншылар жылдам әрі қызу ойын көрсетті. Қатысушылар көрермендердің қошеметіне бөленіп, қызықты әзілдерімен бөлісті.

«Ойыншылар күнделікті қызметінен, қызмет туралы айтылған ой мен пікірлерден шабыт алды,- деп атап өтті МКҚБ бастығы полиция полковнигі Қайрат Таңатқанов. – Әзілмен жағымсыз жағдайды жеңе білу - тапқырлық».

Әділ қазылардың шешімімен бірінші орынды СҚО МКҚБ 1-ші полиция батальонының «Северный менталитет» командасы иеленді. Екінші орын- «Денсаулық» ЖКМ-нің «Здравия желаем!», үшінші орын – СҚО МКҚБ аппаратының «Убойная сила» командасына бұйырды, ал полиция госпиталінің «Соучастники полиции» командасы көрермендер көзайымы атанды.

![ПЕТРОПАВЛДА АҚ ХАЛАТТЫЛАР МЕН ТӘРТІП САҚШЫЛАР КӨҢІЛДІ ЖӘНЕ ТАПҚЫРЛАР АТАҒЫНА САЙЫСТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/f59c0d3573a9bc589c6f41ee9ced72.jpg)

![ПЕТРОПАВЛДА АҚ ХАЛАТТЫЛАР МЕН ТӘРТІП САҚШЫЛАР КӨҢІЛДІ ЖӘНЕ ТАПҚЫРЛАР АТАҒЫНА САЙЫСТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/ded6fcf1839bafd0ea10d4eae8a90f.jpg)

![ПЕТРОПАВЛДА АҚ ХАЛАТТЫЛАР МЕН ТӘРТІП САҚШЫЛАР КӨҢІЛДІ ЖӘНЕ ТАПҚЫРЛАР АТАҒЫНА САЙЫСТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/d2543204c60786d957f1f5f21dc4fd.jpg)

![ПЕТРОПАВЛДА АҚ ХАЛАТТЫЛАР МЕН ТӘРТІП САҚШЫЛАР КӨҢІЛДІ ЖӘНЕ ТАПҚЫРЛАР АТАҒЫНА САЙЫСТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/24fe7f52e34b7087afa4466078ebc2.jpg)

![ПЕТРОПАВЛДА АҚ ХАЛАТТЫЛАР МЕН ТӘРТІП САҚШЫЛАР КӨҢІЛДІ ЖӘНЕ ТАПҚЫРЛАР АТАҒЫНА САЙЫСТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/191da54a7f4dc491e22ca88cda1c75.jpg)

![ПЕТРОПАВЛДА АҚ ХАЛАТТЫЛАР МЕН ТӘРТІП САҚШЫЛАР КӨҢІЛДІ ЖӘНЕ ТАПҚЫРЛАР АТАҒЫНА САЙЫСТЫ](https://storage.yvision.kz/images/user/238400/fa67112476b92dcc74bbf856374507.jpg)

СҚО ПД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/petropavlda-a-halattylar-men-t-rtip-sa-shylar-k-ildi-zh-ne-tap-yrlar-ata-yna-sayysty-835661](https://yvision.kz/post/petropavlda-a-halattylar-men-t-rtip-sa-shylar-k-ildi-zh-ne-tap-yrlar-ata-yna-sayysty-835661)