---
title: "ПЕТРОПАВЛДА 280 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН"
description: "Петропавл қаласының «Жас Өркен» шағын ауданында 280 орындық балабақша құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Нысанның алғашқы күндерінен бастап ?..."
author: "amanatsko"
published: "2025-10-07T13:22:38+00:00"
modified: "2025-10-07T13:22:52+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/petropavlda-280-oryndyk-balabaksha-kurylysy-ayaktaluga-zhakyn-1017690"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/petropavlda-280-oryndyk-balabaksha-kurylysy-ayaktaluga-zhakyn-1017690/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ПЕТРОПАВЛДА 280 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

> Петропавл қаласының «Жас Өркен» шағын ауданында 280 орындық балабақша құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Нысанның алғашқы күндерінен бастап ?...

Петропавл қаласының «Жас Өркен» шағын ауданында 280 орындық балабақша құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Нысанның алғашқы күндерінен бастап «AMANAT» партиясының СҚОФ партиялық бақылау комиссиясы жұмыс барысын тұрақты түрде қадағалап келеді.

![ПЕТРОПАВЛДА 280 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН](https://storage.yvision.kz/images/user/440488/1c06371aad099a227589da6b97876afa.jpg?width=1280&height=960)

Бүгінгі таңда ғимараттың дайындық деңгейі шамамен 80 пайызды құрайды. Монолитті жұмыстар толық аяқталып, блоктар мен жабындар орнатылған, сыртқы инженерлік желілер тартылған. Қазіргі уақытта құрылысшылар сыртқы әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізуде: қоршау орнатылып, асфальт төсеуге дайындық басталған. Бір блокта ішкі әрлеу басталса, екіншісінде – жұмыстар аяқталуға таяу.«Нысан – партияның тұрақты бақылауында. Жұмыстар белгіленген кестеге сай жүргізілуде, айтарлықтай ескертулер жоқ. Мердігер мерзімнен қалмай, 2025 жылдың желтоқсан айында балабақша пайдалануға беріледі деп күтеміз», – деді партиялық бақылау бекетінің жетекшісі Елена Семидоцких.

![ПЕТРОПАВЛДА 280 ОРЫНДЫҚ БАЛАБАҚША ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН](https://storage.yvision.kz/images/user/440488/c52d282d5986958c69cb4ba78e100ae0.jpg?width=1280&height=960)

Нысанда күн сайын шамамен 70 адам еңбек етуде. Партия өкілдерінің айтуынша, жаңа балабақша қарқынды дамып келе жатқан шағынаудан үшін маңызды әлеуметтік нысан болмақ. Оның ашылуы жұмыс істеп тұрған балабақшалардағы жүктемені айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/petropavlda-280-oryndyk-balabaksha-kurylysy-ayaktaluga-zhakyn-1017690](https://yvision.kz/post/petropavlda-280-oryndyk-balabaksha-kurylysy-ayaktaluga-zhakyn-1017690)