---
title: "ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ АНЫҚТАЛДЫ"
description: "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында, «Кенжекөл жастары» ЖҚБ жастар ..."
author: "CRMI"
published: "2016-12-05T22:40:07+00:00"
modified: "2016-12-05T22:40:07+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/pavlodar-oblysyny-zhas-alymy-any-taldy-734288"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/pavlodar-oblysyny-zhas-alymy-any-taldy-734288/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС ҒАЛЫМЫ АНЫҚТАЛДЫ

> Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында, «Кенжекөл жастары» ЖҚБ жастар ...

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында, «Кенжекөл жастары» ЖҚБ жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жыл сайынғы жас ғалымдар байқауын өткізді. 5 желтоқсан күні Жастарға бастамаларын дамыту орталығында облыс әкімінің орынбасары Мейрам Мұхаметрахымұлы Бегентаевтың қатысуымен «Жас ғалым-2016» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/Bj1Iiq5iOnrsbEpl80DUD9MLEitleo.jpg)

Байқауға индустрияның түрлі саласынан биотехнологиялар, ауыл шаруашылығы, экология, білім беру салаларында жұмыс істейтін 35-тен астам жас ғалым қатысты.

Байқау екі бағыт бойынша өткізілді: үздік жас ғалым және үздік инновациялық жоба.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/egy8xQZ57ZYoiOL37LU2Zr21jj4UOV.jpg)

Байқаудың қорытындысы бойынша, «Жас магистр» номинациясында С. Торайғыров атындағы PhD докторантурасының 3-курс студенті Уәлиева Римма жеңіп алса, «Жас PhD докторы» номинациясы PhD докторы Машрапов Бауыржанға бұйырды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/4dS9072d0MrgJnXXSoxbiL1Rbz0xv8.jpg)

Облыстық байқаудағы ІІІ орынды Назарбаев мектебінің оқушысы Еділов Азат қанжығасына байласа, ІІ орынды С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Айтбаев Әсетке бұйырды. «Жас ғалым-2016» облыстық байқау «Үздік инновациялық жоба» номинациясын І орын Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкері, жұмысшы жастардың өкілі Сель Денис иеленді.

Барлық қатысушылар сертификаттар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/kgSKF0ux1etd16L49jEEDpu0j82266.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/pavlodar-oblysyny-zhas-alymy-any-taldy-734288](https://yvision.kz/post/pavlodar-oblysyny-zhas-alymy-any-taldy-734288)