---
title: "«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»"
description: "2020 жылдың 24 қаңтар күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіні..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2020-01-24T11:48:41+00:00"
modified: "2020-01-24T11:48:41+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-848498"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-848498/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»

> 2020 жылдың 24 қаңтар күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіні...

2020 жылдың 24 қаңтар күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Орал қаласының №23 Жалпы білім беретін орта мектебінің оқытушыларымен кездесу өткізді.

Шараға Департаменттің Превенция және парасаттылық басқармасының бас маманы Р.Ғ.Мұратов қатысып, бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-848498](https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-848498)