---
title: "«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»"
description: "2019 жылдың 23 тамыз күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-08-23T10:42:40+00:00"
modified: "2019-08-23T10:42:40+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-839221"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-839221/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»

> 2019 жылдың 23 тамыз күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің...

2019 жылдың 23 тамыз күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері «Облыстық психикалық денсаулық орталығының» ұжымымен кездесу өткізді.

Шараға Департаменттің алдын-алу басқармасының басшысы Б.Хайруллин қатысып, бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оны көтеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-839221](https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-839221)