---
title: "«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»"
description: "2019 жылдың 8 тамыз күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-08-08T13:08:32+00:00"
modified: "2019-08-08T13:08:32+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-838029"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-838029/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»

> 2019 жылдың 8 тамыз күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ...

2019 жылдың 8 тамыз күні Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Орал қаласының жастармен жұмыс жөніндегі ақпараттық талдау орталығының және Орал қаласының №34 «Балбұлақ» бөбекжайының ұжымдарымен кездесу өткізді.

Шара барысында Департамент қызметкері бүгінгі таңда басты назар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру мәселелерінде екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және оны көтеру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алу мәселелері, сонымен қатар «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және арнайы мониторингтік тобы жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-838029](https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-838029)