---
title: "«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»"
description: "2019 жылдың 14 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-06-17T03:23:55+00:00"
modified: "2019-06-17T03:23:55+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-834637"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-834637/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»

> 2019 жылдың 14 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққ...

2019 жылдың 14 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Орал қаласының Мамандандырылған әкімшілік сотының және Орал қаласының №2 сотының ұжымымен кездесу өткізді.

Мобильді топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-834637](https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-834637)