---
title: "«ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»"
description: "2018 жылдың 17 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2018-10-18T05:42:14+00:00"
modified: "2018-10-18T05:42:14+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-817081"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-817081/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «ПАРАСЫЗ БОЛАШАҚҚА. БІРГЕ!»

> 2018 жылдың 17 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа...

2018 жылдың 17 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

Мобильді топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-817081](https://yvision.kz/post/parasyz-bolasha-a-birge-817081)