---
title: "ОЙЫНШЫҚТАР ҚАУІПСІЗДІГІ"
description: "Ойыншықтарды жақсы көрмейтін баланы кездестіру мүмкін емес. Бірақ сіз балаңызға ойыншық сатып алар к..."
author: "zhandinova"
published: "2018-04-20T04:56:23+00:00"
modified: "2018-04-20T04:56:23+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/oyynshy-tar-auipsizdigi-802654"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/oyynshy-tar-auipsizdigi-802654/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ОЙЫНШЫҚТАР ҚАУІПСІЗДІГІ

> Ойыншықтарды жақсы көрмейтін баланы кездестіру мүмкін емес. Бірақ сіз балаңызға ойыншық сатып алар к...

Ойыншықтарды жақсы көрмейтін баланы кездестіру мүмкін емес. Бірақ сіз балаңызға ойыншық сатып алар кезде, қаншалықты ол қауіпсіз екенін ойлауыңыз керек. Көптеген ойыншықтар, көптеген қауіп-қатерлер тудырады. Сіздің балаңызға бақытты және салауатты балалық шағын беруге, осы көрінбейтін жауларымен қалай күресуге болатынын бөлісейік.

Балаға ең үлкен қауіп тудыратын, материалдан жасалған ойыншықтар. Соның ішінде ең үлкен қауіп тудыратын бояғыш заттар болып табылады, оның құрамына формальдегид, фенол, феноксил, метил, изгобитурат және т.б. кіреді. Кейбір ойыншықтарда осы қауіпті заттардың деңгейі 30% жоғары болуға жол берілмейді! Кішкентай балаларға ең қауіпті зиянды «тосын сый», ойыншықтардың дәмін татуға тырысады, қорытындысы балалардың бүйректері, бауырлары, асқазандары, иммундық жүйесіне қауіп төндіреді, сондай-ақ әр түрлі аллергиялық реакциялық әсері болуы мүмкін. Қауіпті өнімді сатып алмау үшін, ең жақсы шешім – ол сатушыдан сәйкестік сертификатын талап ету. Қапталған ойыншықтарға назар аударыңыз, алайда сіз бояуы немесе лак заттардың түскенін көрсеңіз, ондай сыйлық алмауыңыз жөн, өйткені баланың сілекей және тыныс алу жолдары арқылы баланың ішкі организміне кіреді.

Ең қауіпті ойыншық пластмасса құрамы болып табылады. Көбінесе олар сынықтары мен жарықтары пайда болады. Сынған пластмасса көптеген майда сынықтарға бөлініп балаға қауіп төндіреді. Барлық таза құрамдағы материалдар қауіпсіз болуы мүмкін емес. Мысалы, ағаш сынады, ол майда сынықтарға бөлінбейді, ол майда тікенеке айналады, ол баланың алақанына кірсе, шығаруға өте қиын болады. Мұндай проблемаларды болдырмау үшін, сіз балаға сатып алған ойыншықтың механикалық жүк салмағын елестетіп көріңіз. Ағаш немесе пластмасса ойыншықтардың құрамындағы формальдегидттерді көрсететін сәйкестік сертификатты ұмытпайуымыз жөн болар еді.

Тағы бір «ойыншық» қауіпі, балаларды андып жүретін ойыншықтардың үшкір бұрыштары мен қисық шеттерінен, көбінесе балалар сол үшін жарақат алуы мүмкін.

Ойыншықтардың түстері де өте қауіпті болуы мүмкін. Улы жасыл немесе ашық қызыл түсті ойыншықтардың құрамында табиғи компоненттер жоқ. Мұндай бояулардың құрамына жиі қорғасын және кадмий кіреді. Табиғи емес жарқын түсті ойыншықтарды балаға сыйлыққа алуға болмайды, өйткені ол баланың психикасы мен көзіне тигізетін әзері өте жоғары. Мұндай ойыншықтар әсерінен - жүрек айнуы, көз астындағы шағылғаны, әлсіздік және баланың тежелгені болуы мүмкін. Осы белгілерді байқаған кезде балаға міндетті түрде 1 стақан сүт беріп, дереу дәрігерді шақырту керек.

Ойыншықтардың негізгі қаупі сапасы төмен материалдар мен өткір бұрыштары болып табылады. Доп және арқан баланың дене күшін, пирамида мен конструктырлар – баланың ақыл ойын және қашықтықтан басқарылатын көлік ойыншығы баланың үйлестіруін нығайтады. Бірақ трансформерлер мен құбыжықтар сияқты ойыншықтар қандай мағынасын беретінін - белгісіз. Сондықтан, ең алдымен, оның «ішкі» қауіпсіздігін және балаға қауіпсіз екенін білгені жөн.

Сөзсіз, ойыншықтарды үнемдеудің қажеті жоқ. Өйткені, бағасы тым төмен ойыншықтардың сапасы өте төмен екенін көрсетеді. Қауіпсіздікті сақтау қымбат екенін есте сақтаңыз.

Адамның өмірінде ең маңызды және қымбат ол бала. Бала өзінің балалық шағын сіздің сатып алған ойыншықтарыңызбен өткізеді, сондықтан, ойыншықты таңдар алдында, міндетті түрде ойыншықтың қауіпсіздігін қараңыз.

2012 жылдың 1 шілдесінен бастап Кеден одағының «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті КО ТР 008/2011 күшіне енді, ол бірыңғай кедендік айналысқа енгізілген ойыншықтар еркін қозғалысын қамтамасыз етуіне байланысты шығарылған.

Ойыншықтардың сәйкестігі, КО ТР 008/2011 «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес расталады. Сәйкестік рәсімінен өткеннен кейін Кеден одағының бірыңғай нысаны бойынша тек қана сәйкестік сертификаттары беріледі. Сәйкестік сертификаттары бүкіл Кеден одағында жарамды болып табылады.

Техникалық регламентпен толық Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында http://www.eurasiancommission.org танысуға болады. Техникалық регламентке сұрақтар туындаған жағдайда ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне хат жолдауға болады.

Біздің мекен-жайымыз : Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 107. Телефон: 8-7162- 25-57-89. Е-mail: akmola_uktrm@mail.ru.

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы - Ақмола облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – Точидловская Ирина Анатольевна

---

Source: [https://yvision.kz/post/oyynshy-tar-auipsizdigi-802654](https://yvision.kz/post/oyynshy-tar-auipsizdigi-802654)