---
title: "ОЙМАҚТАЙ ОЙ! ЖЫЛАУЫҚ ӘНДЕР МЕН ЖЫЛАУЫҚ ӘНШІЛЕР..."
description: "Осы мәселені марқұм Жәнібек Кәрменов ұстазым көзінің тірісінде үнемі айтып, күн тәртібінен түсірмей..."
author: "makala"
published: "2014-10-13T02:06:14+00:00"
modified: "2014-10-13T02:06:14+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/oyma-tay-oy-zhylauy-nder-men-zhylauy-nshiler-433735"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/oyma-tay-oy-zhylauy-nder-men-zhylauy-nshiler-433735/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ОЙМАҚТАЙ ОЙ! ЖЫЛАУЫҚ ӘНДЕР МЕН ЖЫЛАУЫҚ ӘНШІЛЕР...

> Осы мәселені марқұм Жәнібек Кәрменов ұстазым көзінің тірісінде үнемі айтып, күн тәртібінен түсірмей...

![Оймақтай ой! ЖЫЛАУЫҚ ӘНДЕР МЕН ЖЫЛАУЫҚ ӘНШІЛЕР...](http://static.nmn.kz/images/w400/media/upload/90/2014/10/08/f9730df3e89243605f9dc56420b86357.jpg)

Осы мәселені марқұм Жәнібек Кәрменов ұстазым көзінің тірісінде үнемі айтып, күн тәртібінен түсірмей жүретін. Одан бері де қаншама уақыт өтті, заман өзгерді, ағымдар ауысты, қазақ эстрада сахнасына мүлдем жаңа топ, бейтаныс буын келді. Әрине, Жәкең бұлардың бірін де көрген жоқ. Көрер жарығы таусылмағанда көкесін көзіне көрсетіп тұрып кім-кімнің де сыбағалы сөзін сол кісі айтар еді. Жәкең кеткелі қазақ өнерінің сыны сиыр құйымшақтанып кеткен. Бүгін келіп қазақтың бұлбұлы - Бибігүл Төлегенованың айтқан бір ауыз пікіріне тұс-тұстан тап-тап береміз. Шынын айту керек осы бауырымыздың "Мама" деген құлын дауысын естігенде құлағымызды баса қалатынымыз рас, ол "Ауырмайды жүрек..." деп шырқағанда шынымен де ауырып қаламыз.. Алайда, ол кісі Қайрат ініміздің жеке басын күстаналаған жоқ. Бар болғаны өнері туралы, әулекі әуендерден жастардың ой-санасының бұзылуы қаупі туралы айтты. Құдекең – Құдайберген Бекіш айтқан сол баяғы «проклятый популярность»-тың кесірі ғой...

Қамыс басын жел қозғаса ысырылып бір жаққа шыққанды жек көрмейтін халықпыз. Олай болса бір нәрсені біліп жүргеніміз артық болмайды. Кейінгі жылдары эстрада әншілері мен кәсіби классикалық ән орындаушылар арасында додаға түсіп келе жатқан түйін бар. Ол – жанды дауыс мәселесі. Бір кезде еуропа, орыс эстардасы да тек қана жанды дауыста өнер көрсеткен. Кейін бәрі де жаппай фонограммаға ауысты. Қазір сол кездегі бұлақты бастауларына орала аймай қиналып жатыр. Жасыратыны жоқ, фонограмма әншісін жанды дауыспен сахнаға шығатын әншілермен қатар қою шынымен де обал болады. Біздің халықтың да көзбояушылыққа әбден сүйегін сарғайтып алғандығы соншалық, қыруар қаржы төлеп, билет алып бүлк етпестен фонограмма тыңдап отыра беретіндіктеріне таңым бар. "Жаман орыс" та өзін өйтіп қорлатпаған болар еді! (жалғасы, мұнда: [mtdi.kz](http://www.mtdi.kz/til-saiasaty/til-tynysy/4148-jilauik-ander-men-jilauik-anshyler))

---

Source: [https://yvision.kz/post/oyma-tay-oy-zhylauy-nder-men-zhylauy-nshiler-433735](https://yvision.kz/post/oyma-tay-oy-zhylauy-nder-men-zhylauy-nshiler-433735)