---
title: "ҚОС ҚЫРСЫҚ"
description: "ҚОС ҚЫРСЫҚ Бiр күнi дастарқан басында екi қырсық ұшырасып қалды. Алдарында сынық сүйем шұжық бар ..."
author: "kitap2"
published: "2016-03-16T06:41:53+00:00"
modified: "2016-03-16T07:14:21+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/os-yrsy-683751"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/os-yrsy-683751/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚОС ҚЫРСЫҚ

> ҚОС ҚЫРСЫҚ Бiр күнi дастарқан басында екi қырсық ұшырасып қалды. Алдарында сынық сүйем шұжық бар ...

**

![ҚОС ҚЫРСЫҚ](https://storage.yvision.kz/images/user/kitap2/ZCecCtBHZ7Lpp1qdiQ2a30Q9PK3nTP.jpg)

**

**ҚОС ҚЫРСЫҚ**

Бiр күнi дастарқан басында екi қырсық ұшырасып қалды. Алдарында сынық сүйем шұжық бар едi.

– Сен тура, – дедi бiрiншiсi.

– Жоқ, сен тура, – дедi екiншiсi.

– Жоқ, сен тура.

– Сен тура...

Екеуi шұжықты бiрiне-бiрi итердi. Әрi-берi ығыстырып отырғанда, шұжық еденге түсiп кеттi. Ендi олар:

– Сен көтер.

– Жоқ, сен көтер, – деп ерегестi бiрiмен-бiрi. Ертеден берi терезе алдында басын қисайтып қызығып отырған мысық сол сәтте еденге секiрiп түстi де, шұжықты ала қашты.

– Ал, қу соңынан!

– Жоқ, сен қу! – деп, қос қырсық ауыздары аңқиып қала бердi.

---

Source: [https://yvision.kz/post/os-yrsy-683751](https://yvision.kz/post/os-yrsy-683751)