---
title: "Қорытынды аттестаттау"
description: "Мектеп бітірушілер мен ата-аналар назарына!Мектеп бітірушілердің барлығы дерлік Қорытынды аттестатта..."
author: "MON_RK"
published: "2017-06-13T23:47:38+00:00"
modified: "2017-06-13T23:47:38+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/orytyndy-attestattau-769902"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/orytyndy-attestattau-769902/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қорытынды аттестаттау

> Мектеп бітірушілер мен ата-аналар назарына!Мектеп бітірушілердің барлығы дерлік Қорытынды аттестатта...

Мектеп бітірушілер мен ата-аналар назарына!Мектеп бітірушілердің барлығы дерлік Қорытынды аттестаттаудан өткізіледі. Бұл талап «Алтын белгі» иегері атануға үміткерлер үшін де қойылған. 1-ші ақпаннан емтихан қабылдайтын комиссия құрылды. Комиссия құрамына пән мұғалімдері, ата-аналар комитеттері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. 1-ші наурызға дейін комиссия қорытынды аттестаттауды тапсыратын түлектердің тізімін жасады.Емтихан жұмыстарының материалдары 23-ші мамырға дейін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен әзірленеді. Ал білім басқармалары емтихан материалдарын 27-ші мамырға дейін мектептерге жеткізеді.Қорытынды аттестаттауға 4 негізгі және таңдау бойынша 1 пән енгізілген:Ана тілі және әдебиет – эссе (жазбаша), уақыты – 3 сағат, түлектердіңтаңдауына 10 тақырып ұсынылады: 5 әдеби және 5 еркін тақырып.2. Алгебра және анализ бастамалары – жазбаша, уақыты – 5 сағат;3. Қазақстан тарихы – ауызша үш сұрақтан 30 билет. Дайындыққа 20 минут беріледі.4. Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі - тестілеу, үш бөлімге бөлінген 40 сұрақ: лексика мен грамматика, тыңдалым, оқылым.5. Таңдауы бойынша пән: физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, информатика, шет тілі – тестілеу, 40 тесттік тапсырмаҚорытынды аттестаттау 2017 жылды 29-шы мамыры мен 9-шы маусым аралығында өткізіледі.

---

Source: [https://yvision.kz/post/orytyndy-attestattau-769902](https://yvision.kz/post/orytyndy-attestattau-769902)