---
title: "ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҮШІН АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛҒАН"
description: "2022 жылдың қыркүйегінде кәсіпкер Қонаев қаласы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын (ПИР) әзірлеу б..."
author: "aza1130230"
published: "2023-02-15T06:34:45+00:00"
modified: "2023-02-15T13:29:52+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/oryndal-an-zh-mystar-shin-a-y-t-leu-boyynsha-k-sipkerdi-y-tary-or-al-an-983867"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/oryndal-an-zh-mystar-shin-a-y-t-leu-boyynsha-k-sipkerdi-y-tary-or-al-an-983867/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ОРЫНДАЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҮШІН АҚЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША КӘСІПКЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛҒАН

> 2022 жылдың қыркүйегінде кәсіпкер Қонаев қаласы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын (ПИР) әзірлеу б...

2022 жылдың қыркүйегінде кәсіпкер Қонаев қаласы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарын (ПИР) әзірлеу бойынша Алматы облысының құрылыс басқармасымен шарт жасасты. 2022 жылдың желтоқсанында шарттық міндеттемелерге сәйкес ЖШС жұмыстарды толық көлемде орындады. Қосымша, 2022 жылғы 19 желтоқсанда Тапсырыс беруші мен ЖШС арасында жалпы көлемнің 10% аспайтын қосымша жұмыс көлемі бойынша келісімге қол жеткізілді, ол 2023 жылғы 16 қаңтарда толық көлемде орындалды. Алайда, Алматы облысының құрылыс басқармасы 2023 жылға арналған қаржыландыру жоспарының болмауына байланысты жұмыс көлемін төлей алмады. Осыған байланысты кәсіпкер ағымдағы жылдың 02 ақпанында "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы арқылы Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінді. 06 ақпанда жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен жұмыс кездесуі ұйымдастырылды. Оның барысында 2,2 млн. теңге мөлшерінде қосымша жұмыстарға ақы төлеу үшін қосымша қаражат қарастырылды. Кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/oryndal-an-zh-mystar-shin-a-y-t-leu-boyynsha-k-sipkerdi-y-tary-or-al-an-983867](https://yvision.kz/post/oryndal-an-zh-mystar-shin-a-y-t-leu-boyynsha-k-sipkerdi-y-tary-or-al-an-983867)