---
title: "Ораза"
description: "Молдеке, сізге бір арыз,Ораза деген не парыз?Ауырмай астан қалғанда,Өтейтінің қай қарыз?Аш жүр деп а..."
author: "Xit"
published: "2018-02-13T04:14:38+00:00"
modified: "2018-02-13T04:14:38+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/oraza-796479"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/oraza-796479/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ораза

> Молдеке, сізге бір арыз,Ораза деген не парыз?Ауырмай астан қалғанда,Өтейтінің қай қарыз?Аш жүр деп а...

Молдеке, сізге бір арыз,

Ораза деген не парыз?

Ауырмай астан қалғанда,

Өтейтінің қай қарыз?

Аш жүр деп алла аяса,

Жарылқар еді кедейді.

Көпке бірдей қараса,

Жақсы, жаман демейді.

Күнәдан адам қорықса,

Кісі ақысын жемейді.

Біреу жалшы, біреу бай,

Қай кезде, кім теңейді?

Сұлтанмахмұт Торайғыров

---

Source: [https://yvision.kz/post/oraza-796479](https://yvision.kz/post/oraza-796479)