---
title: "ОРАЗ ЖАНДОСОВ"
description: "Жандосов Ораз Қыйқымұлы (1889/1899 жылы Алматы оьлысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында дүниеге келг..."
author: "Ansat Duisengali "
published: "2020-10-04T12:34:53+00:00"
modified: "2020-10-04T12:34:53+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/oraz-zhandosov-867916"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/oraz-zhandosov-867916/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ОРАЗ ЖАНДОСОВ

> Жандосов Ораз Қыйқымұлы (1889/1899 жылы Алматы оьлысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында дүниеге келг...

Жандосов Ораз Қыйқымұлы (1889/1899 жылы Алматы оьлысы Қарасай ауданы Қаскелең қаласында дүниеге келген. 1938 жылы қайтыс болған)- мемлекет қайраткері. Ұлы жүздің Шапырашты руынан. 1918 жылы Верный ерлер гимназиясын аяқтаған. Қазақстанда кеңестік билік орнағаннан кейін Жетісудың ұлт істері жөніндегі облыс бөлімін басқарды. 1919-1921 жылы Түркістан мұсылман коммунистері секциясы облыс рев.әскери комитетін және облыс “Қосшы” одағын басқарды. 1921-1923 жылдары Түскістан КП ОК-нің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі және Қазақ өлкелік комитетінің 2-хатшысы болды. 1923-1924 жылдары Мәскеудегі Тимирязев атындағы академияда оқыды.

1937 жылғы БКП ОК-нің ақпан-наурыз пленумынан кейін Ораз Жандосовқа саяси кінәлар тағыла басталды. Өмірінің соңғы кезеңіндегі (1937 маусым- 1938 ақпан) баспасөз бетінде жарық көрген басылымдарда ол тек ұлтшыл-фашист ретінде біржақты көрсетіліп отырды.

Ораз Жандосовтың тарихи рөлін бағалаудағы екінші кезеңді сталиндік деп айтуымызға болады. Себебі тарих ғылымында сталиндік тұжырымдар үстемдік етті, ал мұндайда жеке тұлғалардың тарихтағы орны туралы сөз болуы мүмкін емес еді. Қалыптаса бастаған сталиндік ахуал бүкіл алдыңғы қатарлы зиялыларды, партия-мемлекет, қоғам, өнер қайраткерлерін халыққа ұмыттыруға тырысты. Ал оларды өмірі мен қызметін зерттеу жабық тақырыптардың біріне айналды. Осы себептерге байланысты Ораз Жандосовтың саяси өмірбаянын арнайы ғылыми тұрғыдан зерттеу туралы сөз болмауы да заңды құбылыс.

Бұл кезеңде тарихшылар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына О.Жандосовтың қосқан үлесін ауызға алмады. Мысалы, 30-жылдардағы партия тарихшылары Н.Тимофеев, С.Брайнин өздерінің 1926-38 жж. Индустрияландыру және ұжымдастыру тарихына арналған көлемді мақалаларында нәубетке ұшыраған қайраткерлер есімдерін айналып өткен.

1957 ж О.Жандосов-нағыз коммунист, қайсар большевик-лениншіл, жеке басқа табынушылық кезеңінде негізсіз нәубетке үшыраған қайраткер ретінде ғана көрсетіле бастады. Осы жылы Ә.Тұрсынбаев пен С.Жүсіпбековтің О.Жандосов өмірі мен қызметіне арналған мақалалар жарық көрді.Өкінішке орай бұл зерттеулер мол мұрағат деректерінің негізінде жазылғанымен, жалпы сол жылдардың саяси әсерінен алыстап кете алмады. О.Жандосовтың Жетісу өңіріндегі қызметі кеңінен қарастырылғанымен, оның өмірінің соңғы кезеңдері қамтылмаған.

1961 жылы жарық көрген С.Н.Покровский зерттеуінде О.Жандосовтың Жетісу Өңірінде кеңес өкіметін құру, социолистік құрылысты орнату жолында қандай қызмет істегені сөз болған. Осы кезеңде М.Қарағұсов зерттеуі де дүниеге келді. Өкінішке қарай, бұл еңбекте тек О.Жандосовтың ғана емес жалпы бірде-бір қазақ қайраткерлерінің қызметтері мен көзқарастары тиісті бағаларын алмаған.

О.Жандосовтың өмір жолын бірнеше адам зерттесе де айтылмай қалған тұстары біршама. Бірде-бір еңбекте оның өмірінің соңғы жылы, неге, қалай атылғаны көрсетілмеген. Ал 1974 жылы жарық көрген Қазақ Совет энциклопедиясының 4 томындағы О.Жандосов туралы өмірбаяндық анықтамада біраз қателіктерге жол берілген. Бұған дәлел О.Жандосовтың өз қолымен жазылған өмірбаянында дүниеге келген жылы 1899 жыл деп көрсетілген еді, энциклопедияда 1889 жыл деп көрсетілген. Сонымен бірге Ораздың әкесінің аты да қате көрсетілген делінген.

Өзінің екі томдық әдеби шығармасын О.Жандосовқа арнаған жазушы Д.Ф.Снегин негізінен оның балалық шағы мен Жетісу өңіріндегі қызмет кезеңін қамтыған. Ал республика көлемінде істеген қызметі, яғни оның өмірінің қиын да көп қырлы тұстары қарастырылмаған. Д.Ф.Снегин өзінің еңбегін мол мұрағат деректерінің негізінде жазса да, О.Жандосовтың өмірінің соңғы жылы 1944 деп қате көрсетілген.

Белгілі қазақ ақыны Өтебай Тұмажановтың «Ораз ағай» деген естелік-әңгімесі О.Жандосовтың көпшілікке беймәлім қырынан көрсетеді. Онда Қазақстадағы ашаршылық жылдары қарттар мен жас балаларға көрсеткен қамқорлығы сөз болады. Жетісу өңірінде комсомол ұйымының қалыптасуына және азамат соғысына, кеңес өкіметін орнату кезеңдеріне арналған естелік-жинақтарда да О.Жандосовтың өмірі мен қызметіне біраз орын берілген.

Бірақ олардың бірі-қысқаша өмірбаянын берумен шектелсе, екіншісі-оның басқа қайракерлермен еңбек еткенін атап өтумен ғана шектеледі.

Біздің ойымызша үшінші кезең зерттеушілеріне жалпы сипаттаушылық тән. Қай зерттеуді ой елегінен өткізсек те, мұрағат құжаттары көрсетілгенімен, О.Жандосовтың қоғамдық-саяси, мемлекеттік қызметіне ғылыми тұрғыдан тиісті баға берілмеген.

О.Жандосов шығармаларын жазылу уақытын негізге ала отырыа үш кезеңге бөліп қарастыруымызға болады:

1. 1919-1923 жылдарда жазылған еңбектері;

2. 1924-1928 жылдарда жазылған еңбектері;

3. 1929-1937 жылдарда жазылған еңбектері.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Гүлшат Нұрымбетова-"Ораз Жандосов".

---

Source: [https://yvision.kz/post/oraz-zhandosov-867916](https://yvision.kz/post/oraz-zhandosov-867916)