---
title: "ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖҮЙЕДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ ЕНГІЗІЛДІ"
description: "2018 жылдың 29 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2018-10-30T11:32:23+00:00"
modified: "2018-10-30T11:32:23+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/oral-alaly-5-emhanasynda-pilotty-zh-yede-elektrondy-densauly-pasporty-engizildi-818059"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/oral-alaly-5-emhanasynda-pilotty-zh-yede-elektrondy-densauly-pasporty-engizildi-818059/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ОРАЛ ҚАЛАЛЫҚ №5 ЕМХАНАСЫНДА ПИЛОТТЫҚ ЖҮЙЕДЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ ЕНГІЗІЛДІ

> 2018 жылдың 29 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа...

2018 жылдың 29 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жұртшылықпен байланыс жөніндегі Департаментінің директоры А.Т.Бердалин Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының Орал қалалық №5 емханасының жұмысымен танысты.

Арман Бердалинге құжаттарды қабылдау, электронды кезекпен, көрсету тақтасымен, күту және өтініш нысандарын толтыруға арналған орындар бар залдар таныстырылды.

№5 емханада пилоттық жүйеде электронды денсаулық паспорты енгізілгенін атап өту қажет. Яғни, емделушілер бұрыңғыдай медициналық кітапшаларын тасымайды, барлығы да электронды түрде жүргізілуде. Іске қосылған «Дәрігерге» мобильді қосымшасы дәрігерге электронды түрде жазылуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, қызмет көрсету барысында ақпараттың ашықтығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді төмендетуге ықпал етеді, оған байланысты халыққа емхана сайтына қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет.

---

Source: [https://yvision.kz/post/oral-alaly-5-emhanasynda-pilotty-zh-yede-elektrondy-densauly-pasporty-engizildi-818059](https://yvision.kz/post/oral-alaly-5-emhanasynda-pilotty-zh-yede-elektrondy-densauly-pasporty-engizildi-818059)