---
title: "ОППОЗИЦИЯ ТУРАЛЫ АШЫҚ ТА СЫНДАРЛЫ ӘҢГІМЕГЕ ШАҚЫРАМЫН!"
description: "ОППОЗИЦИЯ ТУРАЛЫ АШЫҚ ТА СЫНДАРЛЫ ӘҢГІМЕГЕ ШАҚЫРАМЫН!Құрметті әріптестер! Жаңа жыл - жаңа жоспарлар...."
author: "Kossanov"
published: "2013-01-06T11:40:43+00:00"
modified: "2013-01-06T11:40:43+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/oppoziciya-turaly-ashy-ta-syndarly-gimege-sha-yramyn-312508"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/oppoziciya-turaly-ashy-ta-syndarly-gimege-sha-yramyn-312508/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ОППОЗИЦИЯ ТУРАЛЫ АШЫҚ ТА СЫНДАРЛЫ ӘҢГІМЕГЕ ШАҚЫРАМЫН!

> ОППОЗИЦИЯ ТУРАЛЫ АШЫҚ ТА СЫНДАРЛЫ ӘҢГІМЕГЕ ШАҚЫРАМЫН!Құрметті әріптестер! Жаңа жыл - жаңа жоспарлар....

ОППОЗИЦИЯ ТУРАЛЫ АШЫҚ ТА СЫНДАРЛЫ ӘҢГІМЕГЕ ШАҚЫРАМЫН!Құрметті әріптестер! Жаңа жыл - жаңа жоспарлар. Меніңше, Қазақстан оппозициясында өткен сайлаулардан кейін белгілі бір тоқырау бар. Оның объективті де, субъективті де себептері бар. Көбісін осы желідегі ағайын өзі айтып жүр. Сол әңгімені жүйелесек. Өзім де оппозицияның ішінде жүріп, сол кемшіліктерге кінәлімін деп санаймын. Бірақ, қайғырып не жазғырып отыра беруге болмайды. Оппозицияның бүгіні мен ертеңі туралы ауқымды мақала жазып жатырмын. Келісіп пішкен тон келте болмас. Осы жерде осы үлкен тақырып төңірегінде пікір алыссақ. Яғни, оппозиция келер жылда не істеуі керек? Идеялық, ресурстық, ұйымдық тұрғыдан. Қандай бағдарламалар, жария акциялар қажет? Билікке қатысты қандай позиция ұстануы тиіс? Осыны талқыласақ! Ерекше пікірлерді осы жердегі жеке поштама салсаңыздар да болады.

---

Source: [https://yvision.kz/post/oppoziciya-turaly-ashy-ta-syndarly-gimege-sha-yramyn-312508](https://yvision.kz/post/oppoziciya-turaly-ashy-ta-syndarly-gimege-sha-yramyn-312508)