---
title: "«Оппенгеймер» фильмін жасаушыларды марапаттау кезінде қызық жағдай болды"
description: "Лондонда Британия кино және телевизиялық өнер академиясының BAFTA марапаттарын тапсыру рәсімі өтті. Әрине, онда «Оппенгеймер» блокбастері жеңімпаз болды. Ол 7 марапа"
author: "jan.123"
published: "2024-02-20T07:10:08+00:00"
modified: "2024-02-20T07:10:08+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/oppengeymer-filmin-zhasaushylardy-marapattau-kezinde-yzy-zha-day-boldy-1001357"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/oppengeymer-filmin-zhasaushylardy-marapattau-kezinde-yzy-zha-day-boldy-1001357/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Оппенгеймер» фильмін жасаушыларды марапаттау кезінде қызық жағдай болды

> Лондонда Британия кино және телевизиялық өнер академиясының BAFTA марапаттарын тапсыру рәсімі өтті. Әрине, онда «Оппенгеймер» блокбастері жеңімпаз болды. Ол 7 марапа

*Лондонда Британия кино және телевизиялық өнер академиясының BAFTA марапаттарын тапсыру рәсімі өтті. Әрине, онда «Оппенгеймер» блокбастері жеңімпаз болды. Ол 7 марапат алған.*

![«Оппенгеймер» фильмін жасаушыларды марапаттау кезінде қызық жағдай болды](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/3351eca4b4b2509b1780b72cd5fc18.jpg)

Соның бірін тапсыру кезінде сахнада қызық жағдай болды. Жұрттың алдына режиссер Кристофер Нолан, басты рөлді сомдаған Киллиан Мерфи және продюсер Эмма Томаспен бірге бір бейтаныс жігіт шықты. Продюсер сөйлеп жатқанда ол соның артында түк болмағандай тұра берді. Сөйтіп, солармен бірге сахнадан түсіп кетті.

Сөйтсе, бұл жігіт Лизвани есімді пранкер екен. Оны осы әрекеті үшін полиция ұстаған. Тәртіп сақшылары пранкерді өзі түсіріп алған біраз видеоны өшіріп тастауға мәжбүр етіпті.

Айта кетейік, «Оппенгеймер» 2023 жылдың үздік фильмі атанды. Ал режиссер Кристофер Нолан «Үздік режиссерлік жұмыс» аталымын жеңіп алса, басты рөлдегі Киллиан Мерфи үздік актер деп танылды. Роберт Дауни екінші пландағы үздік ер адам рөлі марапатына ие болды. Сондай-ақ блокбастерге үздік операторлық жұмыс, үздік монтаж және фильмнің үздік музыкасы сыйлықтары берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/post/oppengeymer-filmin-zhasaushylardy-marapattau-kezinde-yzy-zha-day-boldy-1001357](https://yvision.kz/post/oppengeymer-filmin-zhasaushylardy-marapattau-kezinde-yzy-zha-day-boldy-1001357)