---
title: "ҚОЛӨНЕР-ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҰЛТТЫҚ МҰРАСЫ"
description: "Ұрпақтан ұрпақ ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы - қолөнермен айналысатын Бейсб..."
author: "shardara.nurotan.kz"
published: "2021-01-08T05:33:43+00:00"
modified: "2021-01-08T05:33:43+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ol-ner-hal-ymyzdy-ltty-m-rasy-913148"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ol-ner-hal-ymyzdy-ltty-m-rasy-913148/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚОЛӨНЕР-ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ҰЛТТЫҚ МҰРАСЫ

> Ұрпақтан ұрпақ ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы - қолөнермен айналысатын Бейсб...

Ұрпақтан ұрпақ ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы - қолөнермен айналысатын Бейсбековтар отбасысының “Алтын-Орда” көркемсурет галереясында болдық. Отбасының отағасы Бейсбеков Болат пен келіншегі Айдарбекова Күләш мәдениет саласының үздігі, ал тәрбиелеп отырған 6 перзенттерінің 4 және өздері де Қазақстан суретшілер одағының, Қазақстан қолөнершілер одағының мүшелері болып табылады. Отбасы өз қаражатына үйінен 700 шаршы метрді құрайтын шеберханасы бар галерея салып, қолөнерді үйренемін деген талапкерлерге шеберлік сабақтарын беріп, өздері жұмыс орындарын ашуына көмек көрсетіп, қызмет істеп жатқаны көз қуантады.

Бейсбеков Болат пен жары Айдарбекова Күләш 1980 жылы оқуды бітірген кезден қазіргі уақытқа дейін, дарақ бір жерден көгереді дегендей тоқырау заманның өзінде де қолөнерден басқа бағытқа бұрмай, тек осы салада ғана жұмыс істеп, өркендеуде.

Алайда, ұлттық өнерімізді дамытуға өмірін арнаған отбасы шеберлерге мемлекет тарапынан степендия беру, туристік аумақтардағы сауда орындарын жеңілдікпен беру, салықтан босату сияқты көмектер қажет ететінін сөзге тиек етті.

Халықтың мәдени құндылықтарын және дәстүрін дамыту мақсатында және қолөнер туризмнің маңызды бөлігінің бірі екенін ескеріп, Үкімет тиісті көңіл бөліп, қолдау көрсетуді қарастыруы тиіс.

---

Source: [https://yvision.kz/post/ol-ner-hal-ymyzdy-ltty-m-rasy-913148](https://yvision.kz/post/ol-ner-hal-ymyzdy-ltty-m-rasy-913148)