---
title: "ОқыЖәнеЖең: подкаст"
description: "Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында облыстық «Оқы және жең» онлайн кітап оқу байқауына қатысқан отбасымен к..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2024-12-04T07:40:52+00:00"
modified: "2024-12-04T07:40:52+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/okyzhanezhen-podkast-1010653"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/okyzhanezhen-podkast-1010653/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ОқыЖәнеЖең: подкаст

> Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында облыстық «Оқы және жең» онлайн кітап оқу байқауына қатысқан отбасымен к...

Ы. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында облыстық «Оқы және жең» онлайн кітап оқу байқауына қатысқан отбасымен кездесу кеші өткізілді. Кештің қонағы Қостанай қаласының М. Хакімжанова атындағы № 20 ЖББ мектебінің 6 сынып оқушысы МаратАйдос Мейрамұлы, анасы Салимжанова Эльмира Жумагалиевна және әжесі Шоханова Жумагуль Кусаинқызы. Кездесудің көрермен қонағы С. Көбеев ат. № 10 ЖББ мектебінің 6 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында жасөспірімдер және жалпы қоғам үшін «Оқы және жең» онлайн кітап оқу байқауының қаншалықты маңызды екені туралы айтылды. Оқушылар қонақтарға көкейтесті сұрақтарын қойып, жауабын алды. Іс-шара соңында балалар кітап оқуға деген қызығушылығын танытты.

#ОқыЖәнеЖең

---

Source: [https://yvision.kz/post/okyzhanezhen-podkast-1010653](https://yvision.kz/post/okyzhanezhen-podkast-1010653)