---
title: "#ОқыЖәнеЖең"
description: "Қазіргі әлемде адам жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлға болуы керек. Бұған қол жеткізуге кітап көмектесе алады! Кітапты тұрақты о?..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2025-01-16T05:25:50+00:00"
modified: "2025-01-16T05:25:50+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/okyzhanezhen-1011872"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/okyzhanezhen-1011872/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# #ОқыЖәнеЖең

> Қазіргі әлемде адам жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлға болуы керек. Бұған қол жеткізуге кітап көмектесе алады! Кітапты тұрақты о?...

![#ОқыЖәнеЖең](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/0627cd23887b9755a104b6594e5925a7.jpg?width=1440&height=1800)

Қазіргі әлемде адам жан-жақты дамыған бәсекеге қабілетті тұлға болуы керек. Бұған қол жеткізуге кітап көмектесе алады! Кітапты тұрақты оқу өз ойыңды анық тұжырымдауға, қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге, қызықты сұхбаттасушы болуға және өмірден ләззат алуға мүмкіндік береді.

1 ақпанда III облыстық «**#ОқыЖәнеЖең**» онлайн кітап оқу байқауы басталады. Қостанай облысының әрбір тұрғынының кітап оқып қана қоймай, ол үшін 100 000-нан 200 000 теңгеге дейін ақшалай сыйлықтар алуға мүмкіндігі бар!

Байқау қазақ және орыс тілдерінде үш жас санаты бойынша өткізіледі:
- 10 жастан 14 жасқа дейін (қоса алғанда);
- 15 жастан 18 жасқа дейін (қоса алғанда);
- 19 жас және одан жоғары.

Қатысу үшін барлық ниет білдірушілер 2025 жылғы 1 ақпаннан бастап байқаудың ресми сайтында – **http://kitap10.kz** тіркеліп, сайтта көрсетілген сілтеме бойынша Telegram-дағы өз жас санаттары тобына өтуі және белгіленген мерзімде қазылар алқасы мен тартылған сарапшылар өз санаттары үшін таңдаған кітаптарды қазақ немесе орыс тілдерінде оқып шығуы қажет және белгіленген күні онлайн тестілеуден өтуі керек.

Бірінші кезеңде қатысушылар қазақстандық авторлардың кітаптарын оқиды. Екінші кезеңде қазақ тілінде жазатын, бірақ Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын авторлардың және орыс тілінде жазатын ТМД елдері авторларының кітаптары оқылады. Үшінші кезеңде қазақ және орыс тілдеріне аударылған шетелдік авторлардың кітаптары ұсынылады.

Финалистер үш кезеңде жинаған ұпайлардың жалпы саны бойынша анықталады. Шешуші финалдық кезең офлайн нысанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында, Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында, орталық қалалық және аудандық кітапханаларда өтеді және жүлделі орындар оқылған барлық үш кітап бойынша берілген тақырыпқа эссе жазу нәтижелері бойынша бөлінеді.

Кітап оқып, сыйлық алыңыздар!

Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

В современном мире человек должен быть всесторонне развитой конкурентоспособной личностью. И достичь этого Вам помогают книги! Регулярное чтение позволяет лучше формулировать собственные мысли, расширить круг общения, стать интересным собеседником и начать получать удовольствие от жизни.

1 февраля стартует III областной онлайн-конкурс по чтению **«****#ОқыЖәнеЖең****»**. У каждого жителя Костанайской области есть возможность не просто читать книги, но и получить за это денежные призы от 100 000 до 200 000 тенге!

Конкурс проводится на казахском и русском языках в трёх возрастных категориях:
- от 10 до 14 лет (включительно);
- от 15 до 18 лет (включительно);
- от 19 лет и старше.

Для участия всем желающим необходимо зарегистрироваться с 1 февраля 2025 года на официальном сайте конкурса [http://kitap10.kz](http://kitap10.kz/), пройти по размещённым на сайте ссылкам в соответствующие их возрастной категории группы в сервисе Telegram, в обозначенные сроки прочитать те книги, которые выбраны жюри и привлечёнными экспертами для их категории на казахском или русском языках и в определенный день пройти онлайн-тестирование. На первом этапе участники читают книги казахстанских авторов. На втором этапе – книги авторов, пишущих на казахском языке, но проживающих за пределами Казахстана и авторов из стран СНГ, пишущих на русском языке. В третьем этапе – книги иностранных авторов, переведённые на казахский и русский язык.

Финалисты будут определены по сумме баллов, набранных на всех трёх этапах. Решающий финальный этап пройдёт в оффлайн-формате в Костанайской областной универсальной научной библиотеке имени Л. Н. Толстого, Костанайской областной библиотеке для детей и юношества имени И. Алтынсарина, центральных городских и районных библиотеках и призовые места распределятся уже по результатам написания эссе на заданную тему по всем трём прочитанным книгам.

Читайте книги и получайте призы!

Желаем всем успеха!

---

Source: [https://yvision.kz/post/okyzhanezhen-1011872](https://yvision.kz/post/okyzhanezhen-1011872)