---
title: "ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР МҰНАЙШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ"
description: "Облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Н. Ермағанбетов пен Б. Берекетов және қалалық мәслихат..."
author: "zhanaozen.nurotan.kz"
published: "2020-12-29T01:21:07+00:00"
modified: "2020-12-29T01:21:07+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/oblysty-m-slihatty-deputatty-yna-mitkerler-m-nayshylarmen-kezdesti-904068"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/oblysty-m-slihatty-deputatty-yna-mitkerler-m-nayshylarmen-kezdesti-904068/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР МҰНАЙШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

> Облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Н. Ермағанбетов пен Б. Берекетов және қалалық мәслихат...

Облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Н. Ермағанбетов пен Б. Берекетов және қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Г.Аджибаева, Г.Еркебекова, Б.Джарылгасова "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның #4 мұнай газ өндіру басқармасының еңбек ұжымымен кездесті.

Жиналыс барысында жұмысшылардың көкейкесті сұрақтарына жауап беріліп, салалық мәселелер сөз болды.

"Nur Otan" партиясының Жаңаөзен қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында өндіріске, әсіресе қаламызда дамыған мұнай өндіру саласына басымдық беріліп отыр. Жағдайдың тұрақтылығын сақтай отырып, экономикалық қуатты қала дәрежесін жасау қажырлы еңбекті талап етеді.

Осы бағытта партия "Өзенмұнайгаз" АҚ есептен шығарылған штангаларын қаланың жергілікті тауар өндірушілеріне белгілі тәртіппен ұсынуды қамтамасыз ете отырып, арматура цехын құруды; есептен шығарылған арнайы құрылғылардың шиналарын қаланың жергілікті тауар өндірушілеріне белгілі тәртіппен ұсынуды қамтамасыз ете отырып шиналарды қайта өңдеу цехын құруды мақсат етеді.

Бұл жобалар іске асса, тек қана өндірістік қуаты ғана емес, жаңа жұмыс орындарының ашылуына да мүмкіндік береді. Сондықтан да тың жобалардың жүзеге асырылуына жаңа жағдайлар туындайды. Сайлау штабының мүшелері еңбек ұжымын алдағы сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға және "Nur Otan" партиясына сенім білдіруге, жеңіске бірге жетуге шақырды.

---

Source: [https://yvision.kz/post/oblysty-m-slihatty-deputatty-yna-mitkerler-m-nayshylarmen-kezdesti-904068](https://yvision.kz/post/oblysty-m-slihatty-deputatty-yna-mitkerler-m-nayshylarmen-kezdesti-904068)