---
title: "ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КАРТАСЫНА ЖҮГІНІҢІЗ!"
description: "Алматы облысында ағымдағы жылдың 06 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет і..."
author: "usermail6716839474861495329"
published: "2018-11-09T11:03:09+00:00"
modified: "2018-11-09T11:03:09+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/o-amdy-ba-ylau-kartasyna-zh-gini-iz-818950"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/o-amdy-ba-ylau-kartasyna-zh-gini-iz-818950/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ КАРТАСЫНА ЖҮГІНІҢІЗ!

> Алматы облысында ағымдағы жылдың 06 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет і...

Алматы облысында ағымдағы жылдың 06 наурызынан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің жанында «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы іске қосылған.

Бұл жобаның тұжырымдамасы - бюджет қаражатының әр тиынын тиімді пайдалану және қоғамдық бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету. Мысалы, егер Алматы облысының аумағында жолдар сапасыз жөндеуден өтсе, әлеуметтік нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстары сапасыз болса, онда әрбір азамат аталған жобаның аясында Call-орталығы арқылы, әлеуметтік желілер арқылы өтініштерімен Департаментке жүгіну мүмкіндіктері бар. Яғни, жоба негізінде облыс тұрғындары кез-келген мәселелерімен Департаментке хабарласа алады.

Өтініштер мазмұнына қарай тиісті органдарға (мекемелерге) жолданып, Департамент қадағалауымен қарастырылады.

Call-орталығының номері: 8 (7282) 24 11 91;

WhatsApp: 8 707 826 65 70;

Твиттер: 8 707 826 65 70;

Instagram: department_gossluzhby_almobl

---

Source: [https://yvision.kz/post/o-amdy-ba-ylau-kartasyna-zh-gini-iz-818950](https://yvision.kz/post/o-amdy-ba-ylau-kartasyna-zh-gini-iz-818950)