---
title: "\"NUR OTAN\" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАТАРЫ АРТТЫ"
description: "Алдымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының бірінші орынбасары Елубай Әбілов қатысушыл..."
author: "mangystau.nurotan.kz"
published: "2020-12-01T09:50:23+00:00"
modified: "2020-12-01T09:50:23+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/nur-otan-partiyasyny-atary-artty-882696"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/nur-otan-partiyasyny-atary-artty-882696/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚАТАРЫ АРТТЫ

> Алдымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының бірінші орынбасары Елубай Әбілов қатысушыл...

Алдымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының бірінші орынбасары Елубай Әбілов қатысушыларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, Елбасының ерен еңбегін атап өтті. Содан соң қатысушыларға партия билеттерін табыстап, олардың өміріндегі маңызды оқиғамен құттықтады. Өз кезегінде партияның жаңа мүшелері партияға кіру үлкен құрмет қана емес, үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

— «Партия қатарына кіру біз үшін есте қаларлық және өте жауапты сәт. Ойластырылған шешімнің нәтижесі, азаматтық ұстанымның көрінісі», - деп атап өтті олар.

Партия қатарына кіргендердің арасында кәсіпкерлер, медицина қызметкерлері, әлеуметтік және басқа да қызмет салаларының өкілдері бар.

— «Осы жылы НАРХОЗ университетін бітіргеннен кейін туған қаласы Форт-Шевченкоға оралдым. Жастар орталығында жұмыс істеп, "Мәдениет үйі" МКК-на жұмысқа ауыстым. Жастардың өкілі ретінде егемен Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосқым келеді. Өйткені жастар – тәуелсіз елдің тірегі», - дейді Түпқараған ауданы «Мәдениет үй» МКК әдіскері Ринат Темірханов.

---

Source: [https://yvision.kz/post/nur-otan-partiyasyny-atary-artty-882696](https://yvision.kz/post/nur-otan-partiyasyny-atary-artty-882696)