---
title: "Новости ДВД на транспорте"
description: "ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-де 9 айдағы жедел-қызметтің жұмысы қорытындыланды ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер..."
author: "dvdt"
published: "2014-10-23T04:55:14+00:00"
modified: "2014-10-23T04:55:14+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/novosti-dvd-na-transporte-435415"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/novosti-dvd-na-transporte-435415/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Новости ДВД на транспорте

> ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-де 9 айдағы жедел-қызметтің жұмысы қорытындыланды ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер...

## ҚР ІІМ Көліктегі ІІД-де 9 айдағы жедел-қызметтің жұмысы қорытындыланды

ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаментінің бастығы полиция полковнигі А. Қажкеновтың төрағалығымен ағымдағы жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша кеңейтілген жиын өтті. Оған Көліктегі Көліктегі ІІД бастығының орынбасарлары, қызмет және желілік бөліністердің бастықтары қатысты. Департамент бастығы А. Қажкенов 2015 жылдың қаңтарынан бастап жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-просцестік кодекстердің қолданысқа енгізілуіне байланысты алда жауапты кезеңнің тұрғанын атап өтті. «Біз алдағы уақытта жаңа құқықтық негізде жұмыс істейміз. Сондықтан қылмыстық сот өндірісінің және қылмыстық заңның жаңа моделдегі талаптарына сай жоғары нәтижелі, әрі сапалы қызмет етуге дайын болу баршамыздың алдымызда тұрған міндет», - деді еліміздің бас көлік полицейі. Қазіргі таңда елімізде «Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің өкіміне сәйкес үлкен дайындық жұмыстары жүргізілуде. «Қабылданған заңды нәтижелі жүзеге асыру біздің басты мақсатымыз. Сондықтан қызметкерлеріміздің біліктілігін арттырып, оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуіміз қажет», - деп атап өтті А. Қажкенов. Бұған қоса, жиында 9 айдағы жедел-қызмет жұмысының қорытындысы туралы Департамент бастығының орынбасарлары баяндама жасады. Мәселен, жыл басынан бері ауыр қылмыстардың саны 28,2 пайызға, аса ауыр емес қылмыстар 10,7 пайызға азайған. Сондай-ақ, қылмыстардың ашылуында да оң өзгерістер байқалады. Көлік полицейлері жыл басынан бері көлік нысандарында, яғни әуежайлар мен темір жол вокзалдарында 38 мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Оның ішінде, орын алған 1259 құқық бұзушылықтың 706-сы көпшілік ортақ пайдаланатын орындарда болған. Әкімшілік құқық бұзғандарға 47 млн. теңге айыппұл салынды. Көліктегі ішкі істер департаментінің бөліністеріндегі қызметкерлердің көмегімен ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 7 тонна әртүрлі есірткі заттары заңсыз айналымға түскен. Оның ішінде 14 келі «героин» табылып, тәркіленді. Сондай-ақ, Департаментте бос тұрған ваканциялардың орнын толтырып, кадрларды сақтап қалу мақсатында бірқатар шаралар жүрзеге асырылды. Соңғы 9 айда 191 қызметкер жұмысқа қабылданды. Жедел-кеңестің қорытындысы бойынша ҚР ІІМ Көліктегі ІІД бастығы Ахан Саттыбайұлы департаменттің аумағындағы қылмыстардың алдын-алу шараларын ары қарай нығайтып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/post/novosti-dvd-na-transporte-435415](https://yvision.kz/post/novosti-dvd-na-transporte-435415)