---
title: "Немереме!"
description: "aНұртілеуімСен туғанда шаттықтан бір түледім.Уілдеген үніңнен айналайын,Келіп тұрды сол сәтте күлші ..."
author: "Muxit"
published: "2017-01-30T08:58:56+00:00"
modified: "2018-01-02T13:18:52+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/nemereme-752992"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/nemereme-752992/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Немереме!

> aНұртілеуімСен туғанда шаттықтан бір түледім.Уілдеген үніңнен айналайын,Келіп тұрды сол сәтте күлші ...

![Немереме!](https://storage.yvision.kz/images/user/muxit/X9Y01uKePz3nD7aAnDBy39U3Kjjn9d.jpg)

Нұртілеуім

Сен туғанда шаттықтан бір түледім.

Уілдеген үніңнен айналайын,

Келіп тұрды сол сәтте күлші дегім.

Жөргегіңде жатырсың тырбаң қағып,

Қас-қағымда мына өмір өтер ағып.

Бала бүркіт секілді көкті аңсаған

Талап қылып ұшарсың қанаттанып.

Мына байтақ бабадан алған енші

Тылсымына құлақ түр, тебіренші.

Сенің алтын бесігің – Отаның бұл,

Бастауынан қанып іш, гүлін терші.

Балғыным, бұл – бабалар аманаты,

Туған жерің ұмытпа, жер жәннатың.

Ұланы бол сен оның сенім артар,

Бол еліңнің қатарлы азаматы.

Сүлеймен Баязитов

---

Source: [https://yvision.kz/post/nemereme-752992](https://yvision.kz/post/nemereme-752992)