---
title: "НЕГЕ ӨМІР СҮРЕСІҢ?"
description: "«Шенеуніктер капиталдары туралы түсіндіру керек. Мемлекеттік қызметшілер неге өмір сүресің деген сұр..."
author: "anticorruption_tz"
published: "2015-04-07T03:14:07+00:00"
modified: "2015-04-07T03:14:07+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/nege-mir-s-resi-489151"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/nege-mir-s-resi-489151/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# НЕГЕ ӨМІР СҮРЕСІҢ?

> «Шенеуніктер капиталдары туралы түсіндіру керек. Мемлекеттік қызметшілер неге өмір сүресің деген сұр...

«Шенеуніктер капиталдары туралы түсіндіру керек. Мемлекеттік қызметшілер неге өмір сүресің деген сұрақтан қорықпай өмір сүру керек», - Нұрсұлтан Назарбаев.ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалымен бірлесіп «Өзіңнен баста» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциясын бастады. Акцияның мәні – мемлекеттік қызметшілердің табыстары және мүліктері туралы мәліметті жариялау болып табылады. Оның басты мақсаты шенеуніктердің жасыратын ештеңесі жоқ, олардың ашықтығын жариялау. Оған қатысу – өз еркімен. ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы және оның орынбасарлары өз табыстарын жариялады. Департамент басшысы М.Қожабаевтың табысы туралы декларациясына сәйкес 2014 жылы салықтық табыс мөлшері 5 938 030 теңгені құрады. Мақсат Аманқұлұлының меншігінде Абай ауылында тұрғын үй тіркелген. Департамент басшысының орынбасары Камал Қабылбеков былтырғы жылы 3 857 907 теңге табыс тапқан. Камал Қожахметұлы Талас ауданында жер учаскесіне, екі тіркеме цистернаға иелік етеді. 1992 жылғы Mitsubishi Pajero автокөлігімен жүреді. Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Ғ.С.Тұрсынбаев 2014 жылы 12 361 202 теңге табыс тапқан, оның меншігінде Қызылорда қаласында 4 бөлмелі пәтер, сондай-ақ, 2013 жылғы Skoda Yeti автокөлігі бар.

---

Source: [https://yvision.kz/post/nege-mir-s-resi-489151](https://yvision.kz/post/nege-mir-s-resi-489151)