---
title: "Неге?"
description: "Фейсбукта достарым тізіміне кішігірім шолу жасаған едім, арасында: қазақтар, түріктер, ахыскалар, ук..."
author: "pheeria"
published: "2012-04-19T11:09:31+00:00"
modified: "2012-04-19T11:10:38+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/nege-239939"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/nege-239939/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Неге?

> Фейсбукта достарым тізіміне кішігірім шолу жасаған едім, арасында: қазақтар, түріктер, ахыскалар, ук...

Фейсбукта достарым тізіміне кішігірім шолу жасаған едім, арасында: қазақтар, түріктер, ахыскалар, украиндықтар, португалдықтар, испандықтар, колумбиялықтар, поляктар және бірер аргентиналық, қырғыз, мексикандық, итальяндық, қытайлық, словак, зеландиялық, азери, татар, алман және орыс(!) бар екен. Иә, бір-ақ орыс. Оны да танымаймын, ғаламторда әзілімді ұнатып маған қосылды. Өміріме бір көз атқанда, тағы дәл сондай оқиға: бір-ақ орыс досым болған, лицейдегі сыныптасым Кирилл. Көбінесе, айналам кілең қазақтарға толы. Сонда мен неге қазақтармен маған жат тілде сөйлесейін?

---

Source: [https://yvision.kz/post/nege-239939](https://yvision.kz/post/nege-239939)