---
title: "ҚҰНДЫЛЫҒЫ АЗ АҒАШ СҮРЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН САПАЛЫ ӘРІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ БҰЙЫМДАРЫҢЫҢ ӨНДІРІСІ"
description: "Елдің ғылыми қуатын арттыру көп жағдайда оның нақты сектормен байланысына тәуелді екені мәлім. Осы б..."
author: "MON_RK"
published: "2017-05-25T06:20:40+00:00"
modified: "2017-05-25T06:20:40+00:00"
locale: "ru"
canonical_url: "https://yvision.kz/post/ndyly-y-az-a-ash-s-reginen-zhasal-an-sapaly-ri-ekologiyaly-talap-a-say-b-yymdary-y-ndirisi-767942"
markdown_url: "https://yvision.kz/post/ndyly-y-az-a-ash-s-reginen-zhasal-an-sapaly-ri-ekologiyaly-talap-a-say-b-yymdary-y-ndirisi-767942/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚҰНДЫЛЫҒЫ АЗ АҒАШ СҮРЕГІНЕН ЖАСАЛҒАН САПАЛЫ ӘРІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ БҰЙЫМДАРЫҢЫҢ ӨНДІРІСІ

> Елдің ғылыми қуатын арттыру көп жағдайда оның нақты сектормен байланысына тәуелді екені мәлім. Осы б...

Елдің ғылыми қуатын арттыру көп жағдайда оның нақты сектормен байланысына тәуелді екені мәлім. Осы байланысты нығайту мақсатында 2016 жылы ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесін коммерцияландыру туралы заңның жаңа нұсқасы қабылданды. Ол ғылыми жаңалықтардың нәтижесін іс жүзінде пайдалануды арттыруға бағытталып отыр. Біз нәтижелері қазірдің өзінде қолданысқа енген ғылыми жобалармен және зерттеулермен таныстыруды жалғастырамыз.

Бүгін сондай жобалардың бірі – механохимиялық модификацияланған сүректі өндіру және одан бұйымдар жасау туралы баяндамақпыз. Ғылым Қоры қаржыландырған жоба туралы оның авторы, “Древопласт” ЖШС директоры Қанат Мұсабаев әңгімелейді.

С: Жобаңыз туралы айтып беріңізші. Қ: Механохимиялық процесс жолымен модификацияланатын құндылығы аз ағаш сүрегі негізінде жасалған композициялық материалды өндіру еліміздегі ғылымды дамыту бойынша пәнаралық зерттеулердің барлық төрт басым бағытын қамтиды (бұл бағыттар туралы толық ақпаратты Ғылым Қорының президенті Әнуарбек Сұлтанғазиннің сұхбатынан сілтеме арқылы өтіп оқи аласыздар [https://yvision.kz/post/767539](https://yvision.kz/post/767539).

Біріншіден, халықтың денсаулығы тұрғысынан айтатын болсақ, біздің материалдан жасалған жиһаз басқа ағаш-жаңқалы тақта (АЖТ – ДСП) материалдарынан жасалған бұйымдармен салыстырғанда қымбатқа түссе де, құрамынан канцерогенді фломальдегид (түссіз, өткір иісті улы газ, АЖТ өндірісінде кеңінен қолданылатын және көзді, тыныс жолдары мен теріні қышытатын зат) бөліп шығармайды.

Екіншіден, терек пен көктеректі пайдалану ауыл шаруашылығында қосымша жұмыс орындарыныңашылуына ықпал етеді (мысалы, тез өсетін терек плантацияларда).

Үшіншіден, біздің жобамыз еліміздегі орманды қорғаудың негізі болады. Ал әлемдік масштабта алсақ, сирек кездесетін, жоғалып бара жатқан тропикалық ағаштардың сақталуына ықпал етеді, ал ондай ағаштарды отау бүкіл жер шарының экологиясына залал келтіреді.

Төртіншіден, энергияны үнемдеу және тиімді пайдалану қолданылатын материалдардың жылу сақтайтын қасиетіне де байланысты екені мәлім. Біздің жобамыз термотерек негізінде өте жеңіл материал өндіруді көздейді, ол тығыздығы жағынан пенопласт сияқты және керемет жылу сақтайтын қасиетке ие.

Жобаға инновация тұрғысынан қарасақ, сүрекке мономер сіңеді (молекулаларының әртүрлі болуы ішкі кеңістікке енуге мүмкіндік береді), олар жоғары температура мен қысым әсерінен полимерленеді, соның нәтижесінде сүректің әр клеткасының ішінде жаңа мономер пайда болады. Осылайша, біз мықтылығы жоғары (болат өнімдер сияқты) және сәндік жағынан да тартымды (табиғи ағаш өнімдері секілді) жаңа композициялық материал аламыз.

С: Бұл әдіспен алынған сүректі өндіруден келетін экономикалық немесе басқа қандай пайда бар?

Қ: Ел аумағында өте көп өсетін, аса қымбат емес сүректі өндірісте кеңінен пайдалану мүмкіндігі туады (мысалы, терек).

Мемлекет үшін экономикалық жағынан тиімділігіне келсек, жаңа жұмыс орындары ашылады және тағы бір маңызды жайт – импорт алмасу мүмкіндігі артады. Мәселен, бүгінгі таңда нарықты 99% жаулап алған поливинихлоридтен жасалатын терезе профильдері және ПВХ өзі де біздің елімізде өндірілмейді және жақын болашақта өндіріледі деген жоспар жоқ. Ал біз тіреулер, терезе және жиһаз профильдері, өзімізден алынатын сүректен жиһазға керек декорларды жасау сияқты ұсақ-түйек өндірісін жолға қоюды жоспарлап отырмыз.

С: Әлемде бұл жобаның баламасы бар ма?

Қ: Бұл мәселе әлемде өте белсенді түрде зерттеліп жатыр. Біз Kebony деген жобаны білеміз, жоба батыстағы қорлардан 6 миллион еуро алған (өнімді АҚШ нарығына шығару үшін). Бұл жоба бойынша сүрекке фурфурил спиртін әбден сіңіріп, содан кейін оны шайыр болғанға дейін полимерлейді, ал ондай шайыр әрбір клетканың ішінде болады. Бұл сүректің өте мықты және қатты болуына ықпал етеді, алайда, біздің нарық үшін бұл тәсіл тиімсіз, өйткені бізде фурфурил спиртінің бағасы өте қымбат. Хитроу әуежайында пайдаланылған паркеттің сүрегіне алдымен стирол сіңіріліп, содан кейін ғана полистиролмен полимерленген. Алайда, стиролдың өте агрессивті болуы және оны пайдаланатын кәсіпорындардың айрықша талаптары да бізге келмейді. Сондықтан бізге өзгеше құрам жасауға тура келді. Біз арзан сүректі полимерлеу және оған алдын ала мономер және олигомер сіңіру арқылы жаңа композициялық материал аламыз.

С: Бұл жобада кімдер жұмыс істеп жатыр? Ғалымдар тобы бар ма, әлде зерттеу жұмысын өздеріңіз жүргізесіздер ме?

Қ: Дәл қазір барлық зерттеу жұмыстары аяқталып, жоба инженерлік сатыға көшті: құрал-жабдықтарды монтаждау, тиімді технологиялық тәртіп түзу және персоналды оқыту жұмыстары жүруде.

С: Зерттеу қайда жүргізіледі?

Қ: Барлық жұмыс біздің компаниямыздың, яғни “Древопласт” ЖШС базасында жүргізіледі (Алматы қаласы). Тәжірибе жүргізіп, уақытты созу тиімсіз, өйткені нарық күтпейді. Біздің бұйымдарымыздың сапасын бағалау өнімнің нарықтағы бағасын бағамдаумен бір мезгілде жүріп жатыр. Әрине, сәл кейінірек заңнама шеңберінде сертификаттаудан өтеміз. Ұсақ және орташа сериялы өнім өндірісін Алматы қаласынан қажетті жұмыс алаңын жалға алу арқылы да өндіруді жоспарлап отырмыз.

С: Конкурсқа қатысып, Ғылым Қорының қаржысы үшін бақ сынасуға не түрткі болды?

Қ: Құндылығы аз ағаш сүрегі негізінде композициялық материал алу тәжірибесі бұдан бірнеше жыл бұрын басталған болатын. Оған Д.Қонаев атындағы Тау-кен институтының инженерлері мен ресейлік авиациялық материалдар институтының мамандары қатысқан. Іс жүзіне асыруға қаражат жетпеген. Біздің елімізде инновациялық жаңалықтарға қаржы көзін табу мүмкіндігі көп емес, сондықтан үнемі бағдарламаларды қадағалап отырамыз.

Ғылым Қоры қаржылай көмекті қажетті көлемде көрсетті. Мұндай сауатты, ашық әріптестік қатынас бізді қайран қалдырды. Қаражаттың бір бөлігі жыл басында берілген, ол біздің жұмысты бастау үшін станоктар және реагенттер алуымызға толығымен жетті. Ал өндірісті екі жылдың ішінде іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Шығынсыз өнім шығаруға, есептеуіміз бойынша, 2018 жылдың жазында қол жеткіземіз.

Ғылым Қоры біздің жобамызға 54 миллион теңге бөлді. Сондай-ақ, серіктестеріміз бен құрылтайшыларымыз тарапынан қосымша қаржыландыру көзі бар. Үйіңізге жөндеу жасап көрген болсаңыз, процесс кезінде бастапқы бюджеттің бірнеше есеге артатынын жақсы білесіз деп ойлаймыз.

С: Еліміздегі ғылым саласында жүріп жатқан реформаларды қалай бағалайсыз?

Қ: Жалпы ғылымның деңгейіне баға беруге біліктілігім жетпейді – ғылыми тәжірибем жоқ. Дегенмен, салалық ғылым күнделікті мәселелерді шешумен байланысты тиімді ұсыныстар жасай алады деп ойлаймын. Ал жалпы ғылымның дамуы үшін индустриясы дамыған экономика маңызды деп есептеймін, өйткені инновациялық жаңалықтардың негізгі тұтынушылары мен оған тапсырыс беретіндер – машина жасау, химия, фармацевтика және электронды құрылғылар жасау кәсіпорындары.

С: Өзіңіз сияқты зерттеу жүргізіп, қаржы көзін іздестіріп жүрген ғалымдарға нендей кеңес айтасыз?

Қ: Мемлекет ұсынып отырған мүмкіндіктің барлығын пайдалану керек. Сонымен бірге, идеяңызды Интернетте белсенді айтып, жобаларыңызды ұсынуға тырысыңыз. Мысалы, инвестиция тарту үшін ашық краудфандинг алаңдарында айтыңыз. Өзіңіздің кәсіби салаңыз бойынша жұмыс істеп жүрген серіктестерді табуға талпыну да маңызды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/c3gUYUkkEBB7qenbUqF8Hs8HhtynJG.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/W6CVWj4WKLSqQY93M1tFV14fsLnXhs.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/xY6rA6qHVdQCciJBLz1tvljV06VAPV.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/T8nu0TEgXts2ciRmfS3Uys59zLYteH.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/cPt1yLchP89HR0SgUMD0rWtVQxGzr8.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/fix90X7XsUo3qtbkquxqQzq75X21DK.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/w2Pj8a0LuziZq19mZCfagkaehKsq8B.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/RhozgtTfaXP14oUa0uQ54dBKikVuiD.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/63kRVhx8g6p7PDorhE6I9rE3k2771p.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/c6mYDjiOnwFd3c7B55VyT6AabQ008e.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/SITg6fPfUCTLyNo5TV45m59DQ4O35n.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/bdbxIK406x9NUhd5f6oYEtGITFt4SC.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/uXJItCwtJcXx8pL90RfEU2rNKHI3Z4.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/O7qsOId4GVp0sIe541Oau23SMOX8Yp.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/J9Kz0t7eKJaj0RP59Y2TSzl8vi1Rmx.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/5Z14qnP6tJNnat3iWG53zR3EvWDk8v.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/wjZH4P7nU0Ht6gzB72IscIsQzq8ANN.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/TE1vgPzHxy1786UXfMzZk1dUOLgosb.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/Y263XzUXh3GO2j02WO416Ii0LPU1X5.jpg)

Мәтінмен байланысты басқа сұхбаттарды келесі сілтемелер бойынша оқи аласыздар: [Жарықдиодты шамдарды дайындау өндірісі](https://yvision.kz/post/767543) туралы (Астана қаласында). Ғылым Қоры жобаға 300 млн. теңге қаржы бөлді.

[Ғылым Қорының 2016 жылғы жұмыстарының нәтижелері.](https://yvision.kz/post/767540) Гранттық қаржыландыру бойынша Қордың байқауына қатыса алатындардың тізімі:

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mon_rk/UuHG1i6AuKpDv6F7F6bYFEfRV58gtz.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/post/ndyly-y-az-a-ash-s-reginen-zhasal-an-sapaly-ri-ekologiyaly-talap-a-say-b-yymdary-y-ndirisi-767942](https://yvision.kz/post/ndyly-y-az-a-ash-s-reginen-zhasal-an-sapaly-ri-ekologiyaly-talap-a-say-b-yymdary-y-ndirisi-767942)